Кез келген ақпар-кітапшадан бұл ел жайлы сіз небір қызықты, таңғажайып деректерді оқи аласыз. Бірақ тұрғылықты адамдар бұдан өзге заттарды әлдеқайда маңызды санайды. Шри-Ланка жайлы нақты нені білуіміз керек? Осы мақаламызда сол туралы айтпақпыз. Шри-Ланка — көпшілікке таңғаларлық жағажайларымен, шай плантацияларымен және Зуба Будда ғибадатханасымен таныс кішкентай арал.
Алайда жергілікті тұрғындар шетелдіктердің мына деректерді біле жүргенін қалайды:
• Бұрынырақта Шри-Ланка Цейлон деп аталатын;
• Шри-Ланканы танымал еткен цейлон шайын аралға британдықтар әкелген;
• Шри-Ланкада демалыс тек сенбі, жексенбі ғана емес, сонымен қатар ай толған күні де демалыс саналады, бұл күні олар медитация жасайды;
• XX мен XXI ғасыр аралығында мемлекеттің солтүстігінде 30 жыл бойы азаматтық соғыс жүрді, бірақ оңтүстік аймақты еш қамтымады;
• ланкиялықтар — Оңтүстік Азияның ең сауатты тұрғындары: жұрттың 5%-ы ғана сауатсыз;
• ланкиялықтар түскі аста көбіне күріш жейді, таңғы ас немесе кешкі асқа нан, карри, балық немесе кота роти (kottu roti) — шаурмаға ұқсас тағамды жеуді ұнатады, ал мерекелік дастарханға көбіне сүтті күріш (kiribath) қойылады;
• сэр Артур Чарльз Кларк (Sir Arthur Charles Clarke) — ғарыштық зерттеу бағдарламалар легін болжаған, сонымен қатар «2001 жылдық ғарыштық одиссеясында» Стэнли Кубрикпен бірге жұмыс істеген ғалым — Шри-Ланканың құрметті азаматы болған;
• Шри-Ланканың батыс жағалауында тартылыс күші Жердің басқа аймақтарына қарағанда аз;
• Шри-Ланкада ең кең таралған спорт түрі — крикет, және 1996 жылы ланкиялық команда крикеттен әлем чемпионатын жеңіп алған.
Дереккөз: http://bilim-all.kz/