Менің итім – Алыпсоғар

/upd/2016/0125/145371016956a5db59be1844.09802302.jpg

    Біздің үйде Алыпсоғар деген ит бар. Оны кішкентай күнінде әкем бір досынан әкелген. Әлі есімде, мен мектептен келсем,бір қораптың ішінде әлі көзін ашпаған кіп-кішкентай бірдеме жыбырлайды. Қатты қорқып кеттім. Біраздан соң қайта барып қарасам кішкентай күшік екен. Тіпті қыңсылауға да шамасы жоқ. Менің оған жаным ашып тамақтандыруға тырыстым. Мен оған Алыпсоғар деп ат қойдық. Оны өзім күнде бағып өсірдім. Қанша ойынға асықсам да, оны тамақтандармай кетпейтінмін. Сөйткен күшігімнің мінезі қызық, байласам ашуланады, өте айбарланып кетеді. Міне ол үйдің күзетшісі, не аулаға мал кіргізбейді, не бейтаныс адамдар да келе алмайды. Сондықтан бос жіберем, онда ешкімге тиспейді. Менімен бірге мал бағыды. Үнемі менімен жүреді. Ол менің жан досым.

Темірхан Асылхан 8 жас
Қостанай облысы,
Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы
Т. Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім
 беретін мектептің 3-сынып оқушысы