Дініміз перзенттің ата-анасына қызмет етуін әмір еткен және мұны ғибадат
деп білдірген. Ұлы Раббымыз Құран кәрімде «Аллаһқа ғибадат етіңдер!»
дегеннен кейін «Ата-анаға жақсылық етіңдер!» деп бұйырған. Оларға қызмет еткенде «уф» деудің өзіне де тыйым салған.
Ата-анасын разы еткен адамға жәннаттан екі есік ашылады. Ата-анасы разы болмаған адам үшін жаһаннамнан екі есік ашылады. Ата-ана залым болса да, оларға қарсы келуге, оларға қатты сөйлеуге болмайды. Аллаһу та’ала былай деген: «Ей Мұса! Менің дәргейімде өте ауыр және өте үлкен бір күнә бар. Ол – ата-ана шақырған кезде әміріне бағынбау.» Перзенттің ата-анасына атқаратын міндеттерінің ең бастылары мыналар:
1) Ата-ана шақырғанда не іспен шұғылданып жатса да, оны тастап, дереу ата-анасына айтқанына жүгіру керек.
2) Ата-ана ашуланып, айғайласа да оларға ешқандай сөз қайтармау.
3) Ата-ананың разылығын, дұғасын, батасын алу.
4) Әмір еткен істерді тез және жақсы түрде орындауға тырысу керек. Тіпті ұнатпай ашулануларынан және бетдұға (қарғыс) айтуларынан қорқу керек.
5) Қандай да бір себепті ашуланатын болса, олармен жұмсақ, жылы мәміледе болып, дереу кешірім сұрап, қолдарын сүйіп ашуларын басуға тырысу керек.
6) Ата-ананың көңілдеріне мұқият болу керек, оларды ренжітпеу керек! Бақытпен пәлекет олардың көңілдерінен туатын сөздерге байланысты екенін ұмытпау керек.
7) Ата-ана ауру, кәрі болса, оларға көмекші болу керек, Бақыттың кілті олардың разылығында, олардан алынатын ізгі дұғаларда екенін білу керек!
8) Егер оларды ренжітіп бетдұғалары алынса, адамның дүниесі де, ахиреті де құриды. Атылған оқ кері қайтпайды. Сондықтан олар тірі кезде қадірін білу керек!