Мектеп жаңа оқу жылында оқушыларды кең, жарық сыныппен қарсы алды. Мектептегі жиһаздардың ішінде ең ескісі парта, себебі оны 2-3 жылда бір ауыстырады. Ал оқулық жыл сайын жаңадан келеді. Сол оқулықтың арқасында оқушылар жақсы білім алады, көп нәрсеге үйренеді. Ұстаз оқушыларға парталарын сызбай, оқулықтарын жыртпай ұстауды ескертті. Оны естіген парта мен оқулық мәз болды, себебі олар өздері туралы ойлайтын тек мектеп емес екенін білді.
Жолдаған: Тілеген Малика 9 жас
Орал қаласы