Сағат тілі алтыдан аса қауырт тіршілік басталды. Үйдің айналасын аула сыпырушылар тазалап, арнайы машиналар асфальтке су шашып, бірі жұмысқа, бірі оқуына асыққан сабылыс басталып кетті. Он-он бес минут бұрынғы тыныштықтың ізіде жоқ. Менде таңның атысымен аялдамаға асықтым. Үйден мектепке ерте шықтым. Бүгін таңдау пәні бойынша соңғы мемлекеттік емтиханым. Осылайша 9 сыныпты бітіріп, жазғы демалысқа атанамын. 9 сыныпты аяқтасам да өзімнің қандай мамандыққа барарымды әлі де білмеймін деген оймен автобус аялдамасына менде асығып, аяғымды басып келемін. Автобус аялдамасында керек межесіне жету үшін адамның қарасы көп. Маған қала орталығына бару үшін бесінші бағыттағы автобус керек еді. Автобустың сұлбасы алыстан көрінгенде аялдамадағы адамдар автобусқа мінуге дайындала бастады. Автобус аялдамаға жеткенде есігі ашылмастан есікке адамдар қаумалай бастады. Автобустан түскен адам жоқ, бірақ мінгенінде есеп жоқ. Есікті адамдар итеріп, әзер жапты. Кіргеніміз сол еді, кондуктор жол ақысын дайындаңыздарға салды. Автобус ішінде тыныстайтын ауада, отырмақ түгел тік тұрып тұрар орында жоқ. Біріміз-бірімізге кимелеп автобуста тұрмыз. Таңертеңгі уақытта қоңыр салқын болудың орнына ыстық әрі қапырық болып тұр. Өзіміз-өзімізбен әуре болып тұрған уақытта шыр еткен бала дауысы қатты шықты. Айнала: - Не болды? Неге жыладың? – деп жан-жақтан сұрай бастады. Жас келіншек пен баланың жанында отырған жолаушы келіншекті түрткенде оның ес-түссіз екенін білді. Бала анасын шақырса анасы ешбір тіршілік белгісін білдірмегенге жылағанын сезді де, айналадағыларға айтты. Анасы мен баласы таңертең қайда асықты деген сауал менің ойымда жаңғырып тұр. Автобус ішінде азан-қазан болып бірі дәрісін, бірі суын іздей бастады. Автобус ішіндегі жолаушылардың бірі дәрігер болып шықты. Бірден кісіге толы автобус ішінен келіншекке қарай баруға тырысты. Келіншекке барған уақытта алдындағы баланы алып, қасындағы жолаушының алдына отырғызып, қолын ұстап тамыр соғызын тыңдай бастады. - Жүргізуші, тоқтайық! – деп бірден жан ұшыра нық дауыспен дәрігер асығыс айтты. Автобус жол жиегіне тоқтағанша жас студентке 103 номеріне телефон соқ деді. Автобус тоқтай сала тұрып тұрғанның бәрі түсті. Адамдар талып қалған келіншекті далаға алып шықты. Дәрігер жас студенттің қолындағы ұялы телефонды алып: - Жүрек талмасы, орта жастағы әйел, орналасқан жеріміз 13 трассаның 51км – деді де телефонды қоя салды. Автобустан түскен адамдарға науқастан алшақ тұруға бағдар берді де, келіншектің үстіне киген жеңіл жидесінің алғашқы түймелерін шешіп, жүрекке массаж жасай бастады. Шамамен үш жасар бала анасын автобустан түскенін байқап, олда жанталас түсіп жатыр. Көзінен мөлтілдеп жасы тамып, үнсіз жылап тұр. Айналадағы адамдар бірі ананы айтып, бірі баланы айтып, басқасы автобустың күндегі қиындығын айтып шулап кетті. Осы жерде тұрғанның үнсізі – массаж жасап жатқан дәрігер, үнсіз жылаған бала және мен. Менің ойым сан-саққа жүгіріп тұр. Не баланың жанына барып жұбата алмадым, не өз ойымды жинақтай алмадым. Әйтеуір, автобустан түскен адамдардың екпінімен түстім де, тұрып қалдым. Кішкентай балаға қарап үнсіз менде жылап тұрмын шамасы. Сол ортада жедел жәрдем машинасы келді де келіншекпен баласын салып алып, асыға жүріп кетті. Шулаған адамдар қайта автобусқа міне бастады. Ал мен болсам меңіреу күйде әлі өз ойыммен әлекпін. Ел қатарлы автобусқа қайта кимелеп міндім. Бірақ ойым үш жасар балада. Анасы аман қалса деп ішімнен тілеп тұрмын. Ол үш жасар бала, ал мен болсам он бестен ассамда әліде үйде де, түзде де мама деп жүремін. Осы ойдың жетегімен баланы аяп тұрмын. Автобус қалаға кіріп, аялдамаларға тоқтай бастады. Менде керек аялдамама жеткенде ұйқымнан шошып оянғандай жанталаса түстім. Айналама қарасам жаңағы ештеңе болмағандай қала өз тіршілішігінде жүріп жатыр. Менің де автобустан түсе сала енді емтиханым есіме түсіп, мектепке жанталаса жүгірдім. Таң көріктене қалай атса, кешке айналаны қараңғылыққа басып қайта батты. Ұйқыға жатарда таңертеңгі оқиға еске қайта түсіп, ананың жағдайы не болды деген ой ұйқымды қашырды. Таң ата көзім ілінген екен, бірақ үш жасар баланың шырылдаған дауысымен қайта ояндым. Өңім емес, түсім. Бір аптадан аса уақыт өтседе осы оқиға ойыма орала берді. Анасы тірі ме, баласы асыр салып ойнап жүр ме екен деген ой кішкентай бала көрсем сайрай жөнелетін болды. Осылай жүргенде асыға күткен жазғы демалыс өтті де, қоңыр салқын желімен қыркүйекте келіп жетті. Күндегі әдетпен таңертең үйден шығып, аялдамаға жүріп келемін. Автобуста келді, аялдамадағы адамдар жанталаса автобус есігіне жапа тармағай кимелеп мінуге тырысты. Адамдардың екпінімен менде автобусқа міндім. Автобус күндегі әдетімен лық толық. Артқы жаққа жылжып, орындықтарға ұсталып тұруға тырыстым. Арттан санағанда үшінші орындықта жаздың басында көрген ана мен бала отыр. Бала күнге күйіп, өсіп қалыпты. Ескі танысымды көргендей қуанып, анасына жапа тармағай: - Сіз..? Қалыңыз қалай? Денсаулығыңыз қалай? – деп қалай сұрағанымды да сезбей қалдым. Анасы түсінбестен екі көзін домалата маған қарады. Мен сасып қалдым. Содан кейін барып біздің мүлде таныс емес екеніміз есіме түсті. Осы мезетте жаздың басындағы оқиғаны есіне түсіріп баяндауға тура келді. Баланың анасы маған таңдана ұзақ қарап отырды да: - Менің халім жақсы. Құдай сақтап аман қалдым. Сонда алғашқы көмек көрсеткен ер адам өте жақсы дәрігер екен. Соның арқасында тірі жүрмін – деп әңгімесін айта бастады. Осы оқиғадан кейін бе, әлде өзімнің жеке таңдауым болды ма, әйтеуір 10 сынып табалдырығын аттағалы таңдау пәнім биология болды. Биология - менің сүйікті пәніме айналды. Жалқаулығым ұстай бастағанда көз жанарынан жасы тамшылыап тұрған үш жасар баланың бейнесі көз алдыма орала жөнеледі. Сол автобуста кәсіби маман болмағанда деген ой түн ұйқымнан айырады. Сол себепті мен болашақта кәсіби білікті медицина маманы болатынымды нақты шештім. Ал әзірге кішкентай адыммен арманыма нық сеніммен басып келемін.
Дәрібай Мөлдір Тұрашқызы 23 жас
Қарағанды қаласы