Өмірге кеп, тыныс алдым нұрлана,
Әрбір тілек орындалар жайлана.
Ана деген бақытты жан біз үшін,
Көтергендей биік шыңға қуана.
Ана деген асыл сөздің иесі,
Аспандағы жұлдыздардың киесі.
Бала үшін тер төгіп, уайым шеккенде,
Естілгендей жүрегінің тынысы.
Менің анам берекесі үйімнің,
Күлкісімен нұландырған үй-ішін.
Аман болып әр кез жүрсең жанымда,
Қуанар ем әрқашанда сіз үшін.
Серғали Саят Қайратұлы 13 жас
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Қожабақы ауылы,
№25 мектебі
6 "А" сынып оқушысы