Баяғы өткен заманда бір бай өмір сүріпті. Оның екі ұлы болыпты. Тұңғышының достары өте көп болса керек, ал кенжесі өз алдына бір дана, ақылды жігіт болыпты. Бірде, ауылға жоңғарлар басып кіреді, оларды жеңуге бұл ауылдың дәрмені жете қоймапты, сол кезде әлгі байдың тұңғыш ұлы барлық достарын жинап алып, жоңғарларға қарсы тұрып, жау әскерін жайратып тастапты. Содан күн өтеді, ай өтеді, бір күні ауылда үлкен құйын тұрып, ағаш, үйлерді құлатып кетіпті. Сол мезетте байдың кенже ұлы ақылдылығымен көзге түсіп, құйынды жоғалтыпты. Иә, досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды,-деген мақал осыдан қалған болуы керек.
Жанарбекұлы Мұстафа 7 жас
Алматы қаласы