Мен қазақпын

/upd/2016/0121/145338233556a0dabf651e70.95599919.jpg

Мен қазақпын жаным мен арым таза,
Мен қазақпын дінім мен тілім таза,
Алаштың алтын жүзді ұлдарының,
Ұрпағының бірімін міне қара!
Ер мінезді мінез бар Мәншүк қыздай
Ер мінезді рухым бар Әлияда
Рейхстакқа ту тігіп батыр атам
Қошқарбаев қалдырды ізін арқа
Арыстандай айбатты батырларым,
Жолбарыстай қайратты рухтыларым,
Көрегендік көрсеткен тектілерім,
Қазақ халқын биіктен көргендерің

Тұрғанжанова Меруерт 16 жас
Астана қаласы