» Телефон шалған адам алдымен өзін таныстыруы, кім екенін айтуы керек,
содан кейін кімді іздегенін айтуы керек.
» Телефон шалған адам тұтқаны бірінші қоюы керек.
» Телефон қысқа әрі нұсқа сөйлесулерге арналғандықтан ұзақ уақыт әңгімелесу жақсы емес.
» Үйге беймезгіл уақытта (өте ерте немесе өте кеш) телефон шалуға болмайды.
» Жұмыс орнына телефон шалғанда қысқа әрі нұсқа сөйлесу керек, жеке шаруаларға тоқталып ұзақ әңгімелеспеу керек.
» Бір жерге телефон шалып, оғаш дауыстар шығарып: «Тапшы ал, мен кіммін?» деген сияқты сұрақтар қоймау керек.
» Іздеген адам орнында болмаса, тұтқаны көтерген адамға есім және телефон номерді қалдыру керек. Біреу сізді іздеген болса, ертерек сол кісіге хабарласу керек.
» Өте қатты, жоғары дауыспен сөйлесу әдепсіздік болып саналады.