Шымшық

      Азия, Еуропа, Сүлтүстік Африка және Солтүстік Американың шыршалы ормандарында және бұталы өсімдіктерінде кездеседі. Дене тұрқы 10–20 см, салмағы 7–25 г. Отырықшы құс, бірақ жиі қоныс аударып жүреді. Саябақ, бау-бақша, орман және өте кең алқапқа таралған. Бұлар үшін ауылдағы немесе қырлардағы үйлердің шарбақтарына жағалай өсетін қара бүлдіргендер ең жақсы пана, ұя болып табылады.  Ең басты ерекшелігі қысқа шолақты құйрықты, дене бітімі дөңгелек тәрізді болып келетін шымшықтар сары бас торғай шымшықтардан кейінгі еліміздегі ең кішкентай құс болып табылады. Дене тұрқы 7–10 см, салмағы 7-9 грамм. Денесінде көлденең қою жолағы бар, ашық сұр түсті, ақ қасты жолақты құс. Осы жолақ түктерінің шығуына байланысты ер жеткендігі белгілі болады. Арқасы жасыл түсті, бауыры сұрғылт жасыл, қанаттары мен құйрықтары қоңырқай сұр болып келеді. Аталықтарының төбесінде қызыл айдар, аналықтарында сары айдар, ал балапандарында ешқандай белгі болмайды. Тұмсығы мен аяқтары қоңыр түсті, дене тұрқымен салыстырғанда зор дауысты болып келеді. Көбінесе 5 секундқа дейін, “тси-тси-тсиик-тррр” деп сайрайды. Қызылтамақ шымшықтардан да жиі және қатты дауыс шығарады. Жерден немесе ағаштардан тапқан әр түрлі құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейлермен қоректенеді. Яғни зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді. Аталық тарапынан шар тәрізді 2-3 ұя жасалынып, аналығының қалауына беріледі. Аналығы қай ұяны ұнатса, сол ұяны түктермен жабады. Мамыр-шілде айларының арасында екі рет балапандайды. Жұмыртқалары жұмсақ, қызыл аралас ақ түсті болады. Балапандарын асырауға аталығы көмектеседі. Мол азық таба алатын жерлерде аталықтардың бірден көп аналықтары болады. Бұл құстар қолдан жасалған ашық немесе жабық құтылардан да ұя жасауы мүмкін немесе қыстауы мүмкін. Осындай құтыда қыстаған 60 жұп құс бақылауға алынған. Еуропада мекендейтін шымшықтардың ішінде отырықшы және көшпелі түрлері бар. Көшпелілері 2500 шақырым жол жүре алады. Еуропада 20-26 миллион шымшық бар. Қыстың қақаған суығы бұл түрдің жоғалып кетуіне себеп болса да, қыс біткен соң қайта көбейе бастайды. Яғни көп мөлшерде жұмыртқалайды. Бүгінге дейін Ұлы Британияда “Қасиетті Стефан” (26 желтоқсан) күнінде жаман әдет ретінде жастар тарапынан бұл құстар өлтіріліп келеді. Мұндай оқиға Солтүстік Америкада да “қысқы шымшық” деген атпен танымал.