Сұлтан ІІ- Абдулхамит ханның таққа отырған 1876 жылдан қазіргі күнге дейін ешбір кезеңде өзектігі, беделі түспеді. Түркияда да, шетелдік баспаларда да атқарған еңбектері, қызметтері әлі күнге дейін ел аузында. Осылай жалғасып кете беретіні де сөзсіз. Сұлтан Абдулхамит ханға батыстың ашуы, өшпенділігі бар. 33 жыл бойы империяның ең әлсіз кезеңдерінде олардың жолын кесіп отырды. Өздерін жоғары білімді деп санайтын европалықтардан басым түсіп отырды. Онда да аталары секілді әскер күшімен емес, дипломатиялық жолмен... Яһудилер Израил мемлекетінің құрылуын жарты жүз жылға кешіктіргені үшін оған тістерін қайрауда. Гректер 1897 жылғы соғыста Афина қақпаларына дейін шегінгендері үшін жек көреді, “Megali İdea” (ұлы идея) деп аталатын жоспарларын кешіктірді. Тағы кімдер не үшін жаман көреді дейсіз бе? Армяндар, Анадолуда “Хамидия” жасақтарын құрып, көтерілісшілердің Ұлы Арменияны құру проектін мәңгілік тарих беттеріне көмгені үшін... Ағылшындар оның халифалық саясатымен әуреге түскені үшін, Үндістанда әр апта жұма хұтбалары Сұлтан Абдулхамит ханның атына оқылғаны үшін... Қытайлар ұйғыр, дұнғандардың жаншылуына, азапталуына қарсы шыққаны үшін... Орыстар “Балкан келісімінің” алдын алғаны үшін... Сұлтан Абдулхамит хан империяның жинақталуын, құлдырауын тоқтатуға тырысты. Әйтсе де ішкі факторлар түрік империясының құлдырауында сыртқы факторларға қарағанда көбірек әсерін тигізді. Бұл мақсатта сыртқы және ішкі оппозиция әр түрлі жолдарға барды. Жала жабу, өтірік өсектер тарату, кінәлау, қастандық, төңкеріс, көтеріліс ұйымдастыру, бомба жару, тонаушылық т.б... Одан кейінгі билікке келгендер отанын қанға булықтырып, әлсіретіп 10 жылдың ішінде Адриатик теңізінен Үнді мұхитына дейінгі аралықты қамтыған Осман империясын дұшпандардың жемтігіне айналдырып, құлдырауына себепкер болды. Бүгін түрік халқы ІІ- Сұлтан Абдулхамит ханның қызметтерін, отанына деген сүйіспеншілігін біліп, оны мақтан тұтуда. Оның беделі тарихи тұрғыдан да ашықталып қабыл етілуде...