Мен өз елімді жақсы көремін. Қазақстан деген жерде туғаныма қуанамын. Анам маған: ″Біздің еліміз осы Тәуелсіздікке жеткенше қаншама жаугершілікті, қиыншылықты, жоқшылықты, қымбатшылықты бастан кешірді. Елімізге, жерімізге қызыққан жауларға аталарымыз, апаларымыз қарсы тұрып қорғады. Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Бауыржан аталарымыз бен Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ерліктерін кейінгі ұрпақтары үлгі тұтады. Осы ата-апаларымыздың арқасында бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Н.Назарбаев атамыз Тәуелсіз еліміздің тыныштығын, бейбіт өмірін қорғау үшін аянбай еңбек етуде. Сенде осы Тәуелсіз елдің болашақ ұрпағысың. Сол үшін сен сабағыңды жақсы оқып үлгілі, тәрбиелі оқушы болуың керек ″ - деп үнемі айтады. Сол үшін атамды, апамды, әкемді, анамды, бауырларымды жақсы көремін. Сабағымды жақсы оқып, үлгілі болуға тырысамын. Өскенде еліме аянбай қызмет етемін.
Нұрханғали Аяулым Дәулетғалиқызы 5 жас
ОҚО, Түлкібас ауданы, Еңбек ауылы Уалиханов №16
Т.Әубәкіров атындағы ШЖЖО мектебі
Жетекшісі: Махамбетова Мөлдір 2.09.1985 ж.