Имам Раббани

       Ғалымдардың нұры, әулиелердің көсемі, Исламның сақшысы және мұсылмандардың панасы болған Имам Раббани Мужаддид Әлфи Сани Ахмед Фаруқи Сарханди хазреттері, хижри 971ж (м. 1563) Үндістанда Сарханд қаласында туылып 1034ж (м. 1624) сол жерде қайтыс болды. 
Ұлы ғалым, кемел әулие және мүжтаһид еді. Сілсілә-и алийаның (ұлы шежіренің) жиырма үшіншісі. Нақшибандия, Қадирия, Чештия, Кубрауия, Сухрауардия тариқаттарында кәміл ғалым еді. Расулуллаһ саллалллаһу алейһи уәсәлләм былай бұйырған:
      «Үмметімнен Сыла есімді біреу келеді. Оның шапағатымен Жаннатқа көп адам кіреді.»  (Суюти) Бұл хадис шәрифтегі Сыла есімінің Имам Раббани хазреттеріне лайық екендігін жүздеген ғалым ауызбірлігімен айтқан. Сыла есімін одан бұрын ешкім алған емес. 17 жасында захир және батин ілімдерінің ұстазы болды. Жоғарғы мәртебелері, теңсіз дәрежелері, кереметтері және барлық жағынан үстемдіктерін айтуға сөз жетпейді.

 

***               ***             ***

      Үндістандағы (Бабур) Гургания мемлекетінің патшасы Сұлтан Сәлим Жихангир ханның ұлы Шах Жахан таққа отыру үшін әкесіне қарсы шықты. Әскері көп және әкесінің жанындағы қолбасшылардың көбі өзінің тараптары болғанымен жеңіске жете алмады. Сол заманның әулиелерінің біріне барып жағдайын айтып дұға сұрады. Әулие кісі оған былай деді:

-    Сенің жеңіске жетуің үшін бұл заманның 4 әулиесі саған дұға етуі керек. Бұлардың үшеуі сені қолдағанымен бұлардың ең ұлысы болған төртіншісі сенің әрекеттеріңе разы емес. Ол Имам Раббани хазреттері.

      Шах Жахан оның алдына келіп дұға етуі үшін жалынды. Имам Раббани хазреттері әкесіне қарсы шығуына кедергі болып оған насихаттар айтты және былай деді:

-    Әкеңе бар, кешірім сұрап көңілін ал! Жақында әкең қайтыс болады, салтанаты саған қалады.

Шах Жахан айтқанын тыңдап, өз райынан қайтады. Біраз күндерден кейін әкесі қайтыс болады.