Зүл-хиджа айының сегізінші күні «тәруия күні» деп аталады. Ол күні қажылар Меккеден Минаға барады. Тәруия деп аталуының сыры қажылардың ол күні зәмзәм суын ішіп қануларында. Тәруия ойлану деген мағынаға да келеді.
Ибраһим пайғамбар зүл-хиджа айының 8-ші түні түсінде өз баласын сойғалы жатқанын көреді. Таң атқаннан кейін “Түс Аллаһтан ба, шайтаннан ба?” деген ойға шомады. Арапа түнінде өзіне “Бұйырылған нәрсені орында” деп бұйрық келгенде Аллаһтан екенін білді. Осыдан келіп, ол күн “білу” деген мағынаны беретін арапа сөзімен аталды. Арапа зүл-хиджаның 9-шы күні. Басқа күн арапа деп аталмайды.
Хадис шәрифтерде былай деп бұйырылды:
«Бір мұсылман Тәруия күні (арападан бір күн бұрын) ораза тұтса және күнә сөйлемесе, Аллаһу та’ала оны әлбетте жұмаққа апарады».
«Рақымдылық есіктері 4 түнде ашылады. Ол түндері жасалған дұға мен тәубе қабыл болады. Рамазан айты мен құрбан айттың 1-ші түндері, бәрат түні және арапа түні».