Англияның медициналық журналында басылып шыққан зерттеу жұмыстарының нәтижесі, бір күнде 3 сағаттан аз отырудың өмір сүру уақытын шамамен 2 жылға ұзартатынын көрсетті. Зерттеуде АҚШ, Канада, Австралия және Шотландияда соңғы жылдары басылып шыққан қимыл-қозғалыссыз өмір сүруге қатысты 5 мақаланың нәтижелері бағаланды.
Зерттеуге қатысқандар 3 сағаттан аз, 3-6 сағат және 6 сағаттан артық қимылсыз отыру мен теледидар көру уақыттарына қарай (2 сағаттан аз, 2-4 сағат және 4 сағаттан артық қимылсыз отыру) түрінде топтастырылды.
2005-2006 жылдары 18 жастағы америкалықтардың қатысқан және кейін 2009-2010 жылдары қайталанған зерттеулер, теледидар алдында өткізілетін уақыттың 2 сағатқа қысқартылуы, өмірді 1 жыл 3 айға ұзарта алатынын көрсетті.
Ғалымдар, АҚШ-тағы қатерлі ісік бірлестігі тарапынан жасалған 123 мың 216 адам қатысқан, 2010 жылы басылып шыққан зерттеулерден бір күнде 6 сағаттан артық қимылсыз болатындардың өлім қауіпінде болатындығы, бір күнде 3 сағаттан аз қимыл-әрекетсіз болатындардан өлім қауіпі 20% болатынын да мәлімдеді.
Лозан университетінен Peter Katzmarzyk және оның тобы, кейбір зерттеулер көп отырудың аяқ бұлшық еттерінің қимылсыз қалдыратынын және сол себепті қандағы шекер және май мөлшеріне кері әсер беретінін білдіріп, ал бұл зерттеуде ұзақ уақыт қимылсыз немесе теледидар көріп қимылсыз отырудың өмір сүру мерзімін қысқартатынын анықтағанын айтты.
Бұрынырақтағы бірнеше рет жүзеге асқан зерттеу нәтижелерінен де қимыл-әрекетсіз өмір сүру түрі, қант диабеті және жүрек-қан тамыр ауруларын шақыратыны және өлім қауіпін арттыратыны анықталған болатын.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, денсаулық үшін жеткіншектерге аптасына ең аз дегенде 150 минуттық физикалық белсенділікті ұсынуда.