«British Medical Journal» атты медициналық журналда жарияланған бір мақалада «Шекер, темекідей зиянды, зиян келтіретін және тәуелділік тудыратын болғаны үшін есірткі тобына жатқызу керек» делінді. Қорыта айтқанда: » Шекерді шамадан тыс қолдану – қандағы шекердің мөлшерін өте жылдам түрде арттырады және ұйқы безі инсулин секретін көбейтіп шамадан тыс шығарады.
» Алдымен тістің шіруіне, семіруге (майдың ағзада шамадан тыс жиналуы), диабет, жүрек және қан айналым жүйесі ауруларына, бүйрек тастарының пайда болуына, рак, гепертония (қан қысымының артуы), паралич, язва, астма, ревматизм, созылмалы әлсіздік синдромы сүйектің еруіне себеп болады.
» Қанның айналуымен дененің әр тарапына жайылған шекер, әсіресе кіндікте, сандарда, кеуденің және аяқтың үстіңгі жағына жиналады.
» Иммунитет жүйесін әлсіретеді. Дене, суық, ыстық немесе микробтарға қарсы тұра алмайды.
Кекс, торт, печенье сияқты тәтті тағамдардың ішінде шекер болатынын онсызда білеміз. Алайда қауіпті болған дамулар, шекердің орынды, орынсыз түрде дайын азықтардың барлығына дерлік бет-алды қосылу халіне келуі. Сәбидің тамағы, жүгерінің қауызы, сосиска, майонез, кетчуп, пицца, гамбургер, кола, дайын жеміс шырындары сияқты тағамдарға шекер қосылып, қолданушыларға өте тартымды қылып ұсынылуда. Сәбилерге берілетін дайын тамақтарда ана сүтімен салыстырғында шекер 60 пайызға көп болады.
Шекермен байланысты өте маңызды тағы бір қауіп бар. Генетикасы өзгертілген жүгеріден «Жүгері шекері» өндірілуде. «Крахмал қоспалы сұйық шекер» деп те аталатын «өзгертілген» шекер, шоколад, вафля, газды сулар, жүгері қауызы сияқты өнер-кәсіпті азықтарда ең көп қолданылатын шекер түрі.
Азықтарда «құрамындағылар» тізімінде әртүрлі есімдермен жасырынғанын көре аласыздар. Бұл есімдер қайсылар дейсіз бе? Сахароза, қоңыр шекері, жүгері шырыны, крахмал қоспалы сұйық шекер, декстроз, сорбит, маннитол, ксилит, жеміс шырыны, глюкоза, глюкоза шырыны, бал, инверт шекер, лактоза, мальтоза, үйеңкі шырыны, меласса, шекер шырыны, т.б.