1 - Жұма намазына бейсенбi күннен дайындалу.
 2 - Жұма күнi ғұсыл алу.
 3 - Шашын алдыру, сақалы бiр тұтамнан ұзын болса қысқарту, тырнақтарын алып жаңа, таза киiмдер кию.
 4 - Жұма намазына мүмкiндiгiнше ерте бару.
 5 - Мешiтте алдыңғы қатарға өту үшін жамағаттың иығынан аттамау.
 6 - Мешiтте намаз оқып жатқан кiсiнiң алдынан өтпеу.
 7 - Имам мiнберге шыққаннан кейiн сөйлемей хутбаны тыңдау. Хутба оқылып жатқанда сөйлегенге белгі беріп те жауап бермеу, азанды қайталамау және қол ашып дұға етпеу.
 8 - Жұма намазынан кейiн Фатиха, Кафирун, Ихлас, Фалақ және Нас сүрелерiн жетi рет оқу.
 9 - Екiндi намазына дейiн мешiтте қалып ғибадат жасау.
 10 - Әһли сүннет ғалымдарының дәрісіне немесе солардың кiтаптарын оқып отырғандарға қатысып, тыңдау.
 11 - Жұма күнiн толық ғибадатпен өткiзу.
 12 - Жұма күнi көп салауат айту.
 13 - Құран Кәрiм оқу. (Кәһф сүресiн оқу)
 14 - Садақа беру.
 15 - Әке-шешенi немесе қабiрлерiн зиярат ету.
 16 - Үйдегi асты ерекше әрi тәттi қылып даярлау.
 17 - Көп намаз оқу. Қаза намазы болғандар намаздарының қазасын оқу керек. 
  
 Мойындарына парыз болмаса да әйелдердің Жұма немесе Айт намазы үшін мешіттерге барып, ер адамдардың кірулеріне, ғибадаттарына кедергі болулары күнә болады. 
  


