Белді қорғаудың 10 жолы

/upd/2015/1130/1448874645565c1295beacd8.19635969.jpg

Бел ауруы бүкіл денеге әсер ететіндіктен өмірдің мәнін кетіретінін айтқан мамандар бұл қиыншылықтың алдын алатын ең маңызды он мәселені атап өтті:
Бір затты көтерер кезде тізелеріңді бүгіңдер: Қате тұрыста жүк көтеру, бел ауруына себеп болатын әрекеттердің басында келеді. Жерден бір нәрсе алатын кезде тізелеріңді бүгіп, жерге отырып, затты сол күйде алыңдар. 
Белдеріңді айналдырмаңдар: Әсіресе көлікте арқаға қарап бір затты алу бел ауруына себеп болады. Омыртқаның айналып қимылдауына жол ашатын бұл типтегі қауіпті әрекеттерден ұзақ тұрыңдар.
Арықтаңдар: Салмақ қосу белдің айналасындағы дискілерді қинайды. Бүкіл денедегі салмақ белдегі омыртқаға түседі және жүк сол жерден аяқтарға жайылады. Артық салмақтардан құтылу үшін салауатты түрде азықтаныңдар және жүйелі түрде жаттығу жасаңдар.
Биікке қарай созылмаңдар: Бел ауруына жол ашатын әрекеттердің бірі биікке созылу және биік жердегі ауыр жүкті алумен пайда болады.
 Жаттығу жасаңдар: Белдің айналасындағы бұлшық еттердің қуатты болуы үшін жаттығу жасаңдар. Түзу жүгіру және жүзу ең көп кеңес берілген спорттардың бірі болып табылады. Баскетбол, футбол немесе ауыр атлетика сияқты спорттар белі ауыратын адамдарға ұсынылмайды.
Қимыл-қозғалыссыз болмаңдар: Компьютердің басында әр жарты сағатта тұрып, 5-6 минут жүріп қайтыңдар. Бұл бір жерде отырып жұмыс істейтіндерге де қатысты.
Сүйеніш қолданыңдар: Жұмыс орнында немесе көлікке отырғанда міндетті түрде белге сүйеніш болатын бір жастықша қойыңдар. Көлік айдаған кезде артқа қатты сүйенбей, рульге жақын отырыңдар.
Жатып кітап оқымаңдар: Кітапты жатып оқу бел ауруына жол ашады. Алға қарай иілгендіктен омыртқаның қалпы өзгереді. Дәл сол сияқты төсекте ноутбукпен жұмыс істемеңдер.  
Төсек таңдауға мән беріңдер: Төсек қатты да, жұмсақ та болмау керек. Ортопедиялық ерекшелігі бар төсектер белдің саулығын сақтайды.
Аяқкиімдерің аяқтарыңда еркін тұрсын: Әсіресе әйелдердің ұзақ уақыт биік өкшелі аяқкиім киіп жүрулері қауіпті болуы мүмкін. Өйткені бүкіл омыртқаның ауырлық орталығы өзгереді. Бүкіл салмақ белге түседі.