Арапа (арафа) күні мен түні

      Арапа күні - құрбан айттың бірінші күнінің алдындағы күн. Арапа түні арапа күні мен құрбан айттың бірінші күні арасындағы түн. Барлық қасиетті түндер сияқты бұл түнді де қадірлеуіміз керек.

 

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

 

«Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені, арапа - Аллаһу та’ала қадірлеген күн».

 

«Арапа күні ораза тұтқан адамдардың екі жылдық күнәлары кешіріледі. Бірі өткен жылы, екіншісі  келер жылдың күнәлары».

 

«Арапа күні 1000 рет Ықылас сүресін оқыған  адамның барлық күнәлары кешіріледі және дұғасы қабыл болады». (Барлығын бисмилләһпен оқу керек).

 

«Арапа түні ғибадат жасағандар тозақтан босатылады».