Ертеде бір қария өмір сүріпті. Қарияны ауыл адамдары Омар ақсақал деп атайды екен. Ол атаның жалғыз Ақылбек есімді ұлы болыпты. Өмірден білген түйгендерін ұлына айтып, үйретіп отырады екен. Қария ауылдың шетіне әр түрлі талдардың көшетін отырғызыпты. Қарияның күнделікті ісі еккен көшеттерін күтіп, бағып қарайды екен. Қария күнделікті көшеттеріне келіп сырласып басынан өткен жақсы-жаманның барлығын бөлісіп отырыпты: «эх, шіркін адамдардың барлығы еңбек етуге, жамандықтан қашып жақсылық үйренуге құштар болса әлем қандай тамаша болар еді!» -, дейді. Күндер өтіп, айлар сырғып, жылдар зырлайды. Қария қартаяды. Еккен көшеттері өсіп жайқалып биіктейді. Бір күні қария еккен ағаштарын аралап келе жатса, еменнің бір тал шыбығы ыңғайсыз жерге шыққанын көріп, оны басқа ыңғайлы жерге орналастырмақшы болады. Сол кезде қарияның ұлы Ақылбек теңізге саяхатқа шығатынын айтып әкесін өзімен бірге баруын өтінеді. Ақылбек: «әке, мен біраз уақыттан кейін саяхаттап жол жүрмекпін, сені жалғыз қалдыра алмаймын, сондықтан жолға шығамыз, менімен барасың жинал!» деді. Ал Омар ақсақал денсаулығын айтып барғысы келмеді, бірақ ұлымен бірге теңізге бару таптырмас ем екенін ойлады. Қария әлгі қазып алған жас еменді өзімен бірге ала кетейін деп ұйғарады. Ұлымен бірге келіп теңіз жағасына жас еменді отырғызып кетеді. Қария ұлымен бірге теңіз үстімен саяхатқа кете барады. Теңіз жағасындағы жасыл емен ауырсынып, әлсірейді. Топырақтың қуатын бойына сіңіре алмайды. Арада бірнеше апта өтеді. Жасыл еменнің жапырақтары қурап, сабағы босаңсый бастайды. Өйткені теңіздің үздіксіз соққан дауылы суының ащылығы жасыл еменге кері әсерін тигізеді. Қария ұлы екеуі теңіздегі саяхатын аяқтап өзі отырғызған жасыл еменге келеді. Еккен жасыл еменнің солып қалғанын көрген қарияның көңіл күйі түседі. Қарияның ойы теңіздің жағасына еменнің өспейтінін біліп, өз мекеніне алып кетеді. Содан бері еменнің мекені өз орманы болыпты. Сол орманда жасыл емен көктеп үлкен болып жайқалып өскен екен.
Насырқан Аружан 9 жас
ШҚО Үржар ауданы Мақаншы ауылы