Ерте, ерте, ертеде емен ағашы ұсақ түйек ағаштармен бірге өсіп тұрыпты. Емен ағашының керемет қасиеті бар екен. Оның керемет қасиеті дертке дауа. Мұны көрген адамдар мына емен ағашының тұрысына жандары ашып сөйлеп өтеді екен. Оны естіген ағаштар: «Е, байғұс емен ай сенің кімге керегің бар, сенің бізден еш айырмашылығын жоқ, қорегіміз, өсіп тұрған жеріміз бір, күтім дейтін күтім де жоқ. Сенде қандай қасиет болса да елеусізсің, себебі, бәріміз бір жерден нәр алып тұрмыз,»- депті. Содан емен ашуланып тамыры қанша терең болса да, бар күйін салып қопарылып, теңіз жағасына келіп, тамырын тереңге жіберіп орналасыпты. Сонда жаңағы ағаштар: « Е, сорлы емен ай, жылы орнынды тастап кеткенде көрерміз жақсы мекен тапқаныңды, шіріп өлерсің уақыт өтпей» деп келемеждепті. Бірақ емен намыстанып еш жауап қайырмастан, бұл жер маған лайық емес депті ішінен. Бірақ мекенін ауыстырған емен ағашы, жалғыз өзі тұрған жерін бірер уақыт жайсыз сезінді. Әйтседе, шулы ағаштардың ішінен, олардың қызғанышынан арылғанына риза. Еменді көргендер сол еменге келіп, ауырып сырқап қалса арқасын төсеп ауруынан айығыпты. Бүгін Айша әжей де немересін ертіп осы еменнен дауа іздеп келген еді. Әжейдің қан қысымы көтеріліп, буын ауруына шалдыққанына біраз уақыт болды. Келе салысымен немересі әжесіне: «Әже, бұл ағашты бұрын соңды көрмеппін, бұл не қылған ағаш?» деп сұрайды. Әжесі немересін ағаштың саясына қарай тартып отырғызды да, әңгімесін бастады. Әжей немересіне : «балам, бұл емен деген ағаш, емен баяу жиырма-сексен жылдай өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес-алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт-сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бұл емен ағашы адам үшін қасиетті, бойындағы қасиеті үшін ешкімнен ақы да сұрамайды. Тек адамдарға саясын төгіп, адамзатқа пайдаға жарағанына қуанышты. Көрдің бе, балам, ағашта адам сияқты мұңаяды,қуанады. Сондықтан айналамыздағы тіршілікке мейіріммен қарауымыз керек,»- депті. Ауырды көтере білген адамды «емендей берік» деп еменге теңепті. Емен ағашы діңі берік, тамыры терең, өте мықты да көрікті болғандықтан басқа ұсақ түйек ағаштың сыбдырын елемей бойын көкке тіреп тұрыпты. Осыны басқа ағаштарда мойындап бас иіпті. Содан біз еленбейтін еңбек болмайтынына көз жеткізгендей болдық. Осы ағаштай мықты болайық.
Жүсіпова Мөлдір 10 жас
Шығыс қазақстан облысы,
Үржар ауданы,
Мақаншы ауылы