Мен жануарлардың ішіндегі ең ақылды тоты құспын. Сендерге біраз өзім жайлы айтып берейін. Тоты құстар 350-ге жуық түрлерімізбен дүние жүзінде ең көп таралған құстардың біріміз. Адамдарға еліктеп сөйлей аламыз. Кейбіреулеріміз сөйлем де құрай аламыз. Өмір жасымыз да ұзақ. 70 жыл өмір сұреміз. Ұзақ жыл өмір сүріп, адамдармен де жақсы қарым-қатынас құра аламыз. Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейміз. Алайда, кейбір түрлеріміз дүниенің барлық өлкесінде тордың ішінде де өмір сүре алады. Бізді тану өте оңай. Ашық қанық түсті қауырсындар мен имек тұмсықтарымыз арқылы бірден көзге түсеміз. Басымыз үлкен, мойнымыз қысқа және әр түрлі түрлеріміз бар. Біз үш топқа бөлінеміз: тозаң, жеміс шырындарымен қоректенетін етті тілінде өте жіңішке қылшықтардан тұратын щеткасы бар лорилер, төбесінде айдары бар, қысқа тілді какадулар, қасық ұшты, етті тілді паракиттер. Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың дене тұрқы 8 см, ең үлкен нағыз тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы ұрғашыларға қарағанда еркек тотылар ірі болады. Бізді өзге құстардан ажыратып тұратын ең басты ерекше қасиет – адамдарға еліктеп сөйлеу. Арамыздағы ең жақсы сөйлейтініміз жако (сұр) тотысы. Жалпы қораздар да мекендерге қарағанда жақсы сөйлейді. Қалай сөйлейтінімізге келетін болсақ, ең маңыздысы - есте сақтау қабілетіміздің өте жақсы дамуында. Адамдар бізді торда асырағанды жақсы көреді. Біз де адамнан естіген сөздеріміздің мағынасын білмесек те қайталаймыз. Африканың сұр тотысы ретінде танылған жако тотысы ең зерек тоты болып табылады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алу қабілетімен ең тартымды құс болып саналады. Қанаттарымыз өзге де құстардан қысқа болса да Жаңа зеландия тотысынан басқаларымыз жақсы ұшамыз. Жалпы жұп болып немесе топ болып ұшамыз. Какаду деген достарымыз мыңдаған тотылармен бірге топ болып саяхат етеді. Қоректенгенде және дем алған кезде өте жуаспыз. Жалпы көшпелі құс емеспіз. Бірақ құрғақ өлкелерде мекендейтін кейбір тотылар жаңбырлы жерлерге көшу үшін қысқа сапар жасайды. Айрықша жақсы тырмаланушы құстармыз. Алдыңғы саусақтарымыздың жіліншіктері қысқа әрі мықты, аяғымыздың 2, 3-саусақтары алға және 1, 4- саусақтары артқа қараған. Тырмаланып шыққанда тұмсықтарымызды да үшінші аяқ ретінде қолдана аламыз. Сондықтан да ең жақсы тырманаланушы құстарға жатамыз. Табиғи түстері жасыл болған махаббат құстары да тотыларға жатады. Дүние жүзінде тропиктік ормандарда ағаш төбелерінде мекендейміз. Ұяларымызды ағаш қуысына, жартастардың жарықтарына саламыз. Жұптарымызға тәуелдіміз. Дене бітімі ірі болғандар жылына 2-3 рет жұмыртқа басады. Ал кішкентайлары одан да аз жұмыртқа басады.