Қанатымыздың болуына қарамастан ұша алмайтын құспыз. Өмір жасымыз 30-35 жыл. Көбінесе Антарктика сияқты өте суық жерлерде мекендеуді ұнатсақ та, алайда ыстық климатта мекендейтін пингвиндер де бар. Ақ-қара түсті түктеріме байланысты адамдар бізді смокингті құс деп атайды. Тартымды сыртқы көрінісімізбен және маймақ жүрісімізбен көптеген сайқымазақтар мен анекдоттарда күлкілі боламыз. Пингвиндердің 18 түрі бар. Ең кішкентайы 35 см-лік кішкентай көк пингвин немесе галаполос пингвині, ал ең үлкені 1 метрлік император пингвині. Үлкен пингвиндер суыққа өте төзімді болады. Ал кішкентай пингвиндер ыстық климаттарда тіршілік ете алады. Қанаттарымыз ұшуға емес, жүзуге арналған. Соның арқасында өте жақсы әрі жылдам жүземіз. Негізінде, ұшатын құстарға қарағанда біздің сүйектеріміз ауыр болады. Бұл да сүңгуді және суға батуды, өте сырғанақ түктеріміз су астында жақсы жүзуді, түктеріміздің құрылымы өте суық, мұзды суларда үсіп қалмауды қамтамасыз етеді. Ыстық климатта мекендейтін пингвиндердің түктері жұқа болады. Теріміздің астындағы дәнекер ұлпадан тұратын май қабаттары жақсы жетілген, ол денеміздегі жылуды реттеп отырады. Жағалауда жүргенде тепе-теңдікті сақтау үшін жарғақты саусақтарымызды және құйрығымызды пайдаланамыз. Оған да қарамастан кейде сырғанап түсеміз. Кейде қар үстінде бауырымызбен сырғанаймыз. Бір қадаммен 10 см ғана ілгерілей аламыз. Бірақта, өте тез жүреміз. Су астында да өте рахат және тез қимылдаймыз. Кішкентай пингвиндер тереңдікке сүңги алмайды. Алайда, император пингвині 260 метр тереңдікке сүңги алады және су астында 18 минут тұра алады. Өміріміздің жартысын судың ішінде, жартысын сыртында өткіземіз. Қорегімізді судан аулаймыз. Шаянтәрізділермен, басаяқты ұлулармен, балықтармен қоректенеміз. Жағалауда да мұздан ашылған тесіктерден көрген балықтарды аулаймыз. Есту қабілетіміз жақсы дамыған. Су астында да өте жақсы естиміз. Осылайша, қорегімізді жақсы аулаймыз әрі қауіп-қатерлерден жақсы қорғанамыз. Құрлықта алысты өте жақсы көре алмаймыз, бірақ судың астында мұндай дертіміз жоқ. Иіс сезу қабілетімізді жақсы дамыған деп айта алмаймыз. Өйткені, құстардың жалпы иіс сезу қабілеті нашар болады. Ақ-қара түктеріміз дұшпандарымыздан сақтануға көмектеседі. Мәселен, судың астында бізді аулайтын итбалықтар түстерімізді сумен шағылыстырып, бізді көре алмайды. Ұяларымызды жағалаулардағы жазық, тасты жерлерге, үңгірлерге, ағаш тамырларының қуыстарына саламыз. Ұрғашы пингвиндер 1-3 жұмыртқа басады. Содан кейін еркек пингвин жұмыртқаны аяғының үстіне ұстап, бауырындағы тері қатпарымен жабады. Ұя басу мерзімі 4 айға созылады. Бұл жағдайда қоректі ұрғашы пингвин табады. Балапандар жұмыртқадан шыққан кезде ұрғашы пингвин келіп, оларды қоректендіреді. Балапандарымызға жақсы қарау үшін қолымыздан келгенді жасаймыз. Керек десе, оларды суықтан қорғау үшін аяқтарымыздың үстіне қойып, бауырымызбен жылытамыз. Балапандарымыз біраз өскен соң, оларды үлкен пигвиндерге тапсырып, қорек табуға кетеміз. Үлкен пигвиндер ол кезде балаларымызға жүзуді де үйретеді. Алайда, ол үшін ең аз дегенде екі айлық пингвин болуы керек. Суды және жүзуді біз сияқты жақсы көретін құс жоқ. Осыған қарамастан теңізге түсуден де біраз қорқамыз, себебі итбалықтар бізді аулау үшін судың астында жүруі мүмкін. Сондықтан кірместен бұрын судың жағасына жиналып тұрамыз. Арамыздағы ең батыл пингвин суға түсіп, қауіп-қатердің болмағанын ескерткен соң оның артынан ереміз. Негізінде үнемі топ болып жүргенді ұнатамыз.