Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар.
Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.
Құлын, құлыншақ - жылқы төлі,
Жабағы - бір жылға жейінгі төл.
Тай - екі жастағы жылқы.
Құнан - үш жастағы жылқы.
Құнажын - үш жастағы ұрғашы жылқы.
Байтал - төрт жастағы ұрғашы жылқы.
Сойтал - төрттен асқан ұрғашы жылқы.
Дөнен - төрт жастағы еркек жылқы.
Бесті - бес жасар еркек жылқы.
Айғыр - аталық жылқы.
Сәурік - жас айғыр.
Бие - аналық жылқы.
Қулық - алғаш құлындаған бие.
Қысырақ - үйірге қосылған жас мал.
Мама бие - көп құлындаған жуас бие.
Бедеу - құлындамайтын бие.
Ат - ақталған (кестірілген) еркек жылқы, мініс ат.