Жаңа ғасырдағы Европа

/upd/2015/1125/144845127156559cc74e74a1.99547181.jpg

   Христиан дінінің шарықтап тұрған орта ғасырларда, ұлы медицина ғалымдары тек мұсылмандар ғана еді және европалықтар медицина ғылымын үйрену үшін Андалусияға келетін. Желшешек ауруына қарсы вакцинаны тапқандар да мұсылман түріктер болатын. Ол кезде европалықтар аурудан қырылып жатқан кезі. Франция королі 15-Луис 1774 жылы желшешек ауруынан өлген. Европа ұзақ уақыт оба және холера жұқпалы ауруларын бастан кешірді. 
       Наполеон 1798 жылы Акка қамалын қоршаған кезде әскерінде оба ауруы пайда болып, ауруға қарсы шарасыз қалған кезде, дұшпаны болған мұсылман түріктерден көмек сұрауға мәжбүр қалған. Сол кездерде жазылған француз шығармасында былай делінген: 
    «Түріктер өтінішімізді қабылдап, дәрігерлерін жолдады. Олар тап-таза киінген, жүздерінен нұр төгіліп тұрған адамдар еді. Алдымен дұға етті, кейін қолдарын жақсылап сабындап жуды. Науқастарға шыққан жараларды ланцетпен жарып, ішіндегі сұйықтықты ағызып, жараларды тазалап жуды. Кейін науқастардың әрқайсысын бөлек-бөлек жерге қойып, сау адамдардың мүмкіндігінше оларға жақындамауын ескертті. Аурулардың киімін өртеп, оларға жаңа киімдер кигізді. Соңында қайтадан қолдарын жуды және аурулардың отырған жерлеріне алоэ ағашын жағып, қайтадан дұға етіп, бізден ешқандай ақы немесе сыйлық алмай елдеріне қайтты.» 
      Демек, шамамен екі ғасыр ғана алдын европалықтар ауруларға қарсы мүлдем шарасыз еді. Тек қана кейінірек мұсылмандардан үйреніп, тәжірибе жасап, Құран кәрімде әмір етілгендей еңбектеніп, талпынып бүгінгі медицина ғылымын үйренді.