Жираф

       /upd/2015/1204/14492492655661c9f1c61c93.54508292.jpgСәлеметсіңдер ме, балалар! Мен дүние жүзіндегі ең ұзын жануар – жирафпын. Суреттерімізді көріп, бізді жақыннан танығыларың келетін шығар. Өзіміз туралы айтар болсақ, аяқтарымыздың ұзындығы 1,8 метр және мойнымыздың да ұзындығы 1,8 метр, жалпы бойымыздың ұзындығы 5,5 метр. Ал ұрғашы жирафтардың бойы біраз қысқа 4,3 метр болады. Яғни көп қабатты үйлердің 2-ші қабатына оңай көз жеткізе аламыз. Бізге қатысты қызықты мәліметтер мәселен, мойнымыздағы сүйектердің саны адамдардікімен бірдей, яғни 7-еу. Тек қана айырмашылығымыз өте ұзын болуында. Тіліміздің ұзындығы 50 см, құйрығымыздың ұзындығы 1,4 метр, әрине дүние жүзінің ең ұзын құйрықты жануарына жатамыз. Деніміздің саулығына қарай 25 жыл өмір сүре аламыз. Африканың аз болса да бұталы, құрғақ және сортаң жазық далалы жерлерінде мекендейміз. Көптеген табиғи саябақтарда, кең жазықты далада, үлкен ағашты өлкелерде еркін тіршілік етеміз. Аса қатты ерекшеленбесекте тоғыз-ға жуық түрлеріміз бар. Бір-бірімізден денеміздегі жолақтардан және Африкада мекендейтін жерлерімізге қарай ажыратыламыз. Кения-да мекендейтін Масай жирафтарының жолақтары емен жапырақтарына ұқсайды. Ал қалған түрлердің жолақтары төрт-бұрышқа жақын келеді және тормен қаптаулы сияқты көрінеді. Сондықтан  бізге “Торлы жираф” деп атайды. Жолақтарымыздың түсі ашық түстен қою түске дейін өзгеруі мүмкін. Бұл ерекшелік қай жерде мекендейтінімізге және немен қоректенетінімізге байланысты. Конгода мекендейтін және ерекше Окапи жирафтары да біздің жақын туыстарымыз. Үлкен денемізді қоректендіру үшін өте көп жапырақтар қажет. Күніне 34 килограмм азық жей аламыз. Күніміздің үлкен бір бөлігін қоректенумен өткіземіз. Өйткені, әр тістегенде бірнеше жапырақ қана жейміз. Ең сүйікті тағамдарымыз акация бұтақтарының жапырақтары. Акация бұтақтарының ұзын-ұзын тікенектері өзге жануарларды өзіне жолатпаса да, ұзын мойынымыздың арқасында төбесіндегі жапырақтарды оңай жей аламыз. Бұтақтардың төбесіндегі жапырақтарды жеген кезде күннің аптаған ыстығынан қорғану үшін тіліміздің де түсі қою түсті. Айрықша күйіс қайтарамыз. Яғни жеген жапырақтарымыз біраз уақыттан кейін қайта шайналу үшін аузымызға келеді. Акация жапырақтарының құрамында мол мөлшөрде су болады. Сол себепті ұзақ уақыт су ішпей жүре аламыз. Алайда шөлдеген кезімізде өзеннен немесе көлден су ішу үшін төмен қарай иілуіміз қажет болады. Егер де ішетін су табылса, бір күнде 38 литр-ге жуық су іше аламыз. Жаңа туылған жирафтың бойы 1,8 метр болады. Туылған соң 1-2 сағаттан кейін тұрып жүре алады. Алғашқы аптада анасының қорғауында болады. Өйткені кішкентай жирафтар өте әлсіз болғандықтан сыртқы ортадан қорғана алмайды. Аналары қоректеніп жатқанда да өзге жирафтармен бірге болады. Және де міндетті түрде баласы анасының қасында жүреді. 4 айлық жирафтар жапырақ жей бастайды. Жалпы топ болып жүргенімізді көре алмауларың мүмкін, бірақ әлеуметтік ортада, кең алқапта таралып жүреміз.  Олардың ішінен барлық жастағы еркек, ұрғашы жирафтарды көруге болады. Бір-бірімізге өте жақын серуендегенді ұнатпаймыз. Өйткені бойымыз ұзын болғандықтан көру мүмкіндігіміз де кең және соның арқасында бір ағаштан бір ағашқа өтіп жүріп, өте алыстағы достарымызды да көре аламыз. Тұла бойымыздың ұзын болуына қарай жыртқыш аңдардан сақтануды аса қажет етпейміз. Тек қана бізді арыстандар мен қолтырауындар үркітеді. Аса қажетті жағдайда аяқпен теуіп, өзімізді қорғаймыз. Дене пішініміз, іс-әрекетіміз және жылдамдығымыз жыртқыш аңдардан қашуға да қолайлы. Сағатына 48 км жылдамдықпен жүгіре аламыз. Арқамызда кішкентай өркеш болғандықтан бізді түйеге ұқсатады. Денеміздегі жолақтар да леопардты еске түсіретіндіктен адамдар осы екі жануардың аттарын біріктіріп бізге “Түйе-леопард” деп айтады. Соңғы жылдарда санымыз азайып бара жатыр, алайда түрлерімізге қауіп-қатер төніп тұрған жоқ. Бірақ Уганда деп аталатын достарымыздың саны барынша азаюда. Адамдар бізге зиян тигізбейді, біздер де оларға зиян тигізбейміз. Сол үшін барлығының сүйікті жануары ретінде тіршілік етудеміз.