Біз киттердің туысқанымыз. Біз балықтар сияқты өмір сүргенімен балық емеспіз. Адамдар сияқты сүтқоректілерге жатамыз және үнемі су астында тіршілік етеміз. Арасында судан шығып, тыныс аламыз. Алайда адамдардан да көп су астында қала аламыз. Мысалға, мен суға сүңгіген кезімде ең аз 5 минут су астында жүземін. Кейде одан да көп уақыт жүзе аламын. Дүние жүзіндегі теңіздерде тіршілік ететін жалпы 33 түрлі дельфиндер бар. Одан басқа өзендерде тіршілік ететін 5 түрлі дельфиндер де бар. Үлкендері түрлерімізге қарай ажыратылады. Кішкентай бауырларымыздың бойы 1,5 метр, салмағы 60 кг болғандай, бойы 4 метр, салмағы 650 кг-ға тартатын бауырларымыз да бар. Еркек дельфиндер ұрғашы дельфиндерге қарағанда ірі болады. Орташа жасымыз 25-30 жыл. Ұрғашы дельфиндердің жүктілік мерзімі 10 ай мен бір жылдың арасында өзгеріп тұрады.Кішкентай дельфин дүниеге келісімен, оны су бетіне шығарып, дем алуын қамтамасыз етеміз. Кішкентай дельфиндер түрлеріне қарай ажыратылады. Ұзындығы 75 см мен 1 метр-дің арасында болады. Алғашқы алты айда сүтпен қоректеніп, кейін қатты азықтар жей бастайды. Бес жыл бойы анасының қасында жүреді. Әрі өте жақсы жүземіз. Судың үстінде сағатына 10 км, ал судың астында сағатына 37 км жылдамдықпен жүзе аламыз. Қашқанда немесе қуғанда 50 км/сағ жылдамдықпен жүземіз, алайда мұндай жылдамдықпен ұзақ уақыт бойы жүзе алмаймыз.Орташа 25-30 м тереңдікке қана түсеміз. Бірақ кейбір достарымыз балық аулаған кездерінде одан да тұңғиыққа түсуі мүмкін. Миымыз адам миынан да үлкен. Ойын ойнауды, музыка тыңдағанды жақсы көреміз. Әрі өзіміздің арамызда, әрі адамдармен жақсы достық қарым-қатынас құра аламыз. Иттер немесе аттар сияқты кейбір әмірлерді үйрене аламыз. Бәлкім адамдар сияқты ақылды болмасақ та ең ақылды жануарлардың қатарынан орын аламыз. Серуендегенде немесе қарнымыз тойған кезде жиілілік дыбыстарынан шығарамыз. Айналаға жіберген дыбыс толқындары бізге кері қайтады да, осылайша айналамыздағы заттарды және жандыларды танимыз. Адамдардың теңіздерді улы қалдықтарымен кірлетуі біздің тіршілік ететін ортамызды жоюда. Осының салдарынан Қаратеңіздегі санымыз азайып барады. 1946 жылдағы санымыздан тек қана 1% қалып, қазір Қаратеңізде тіршілік етеді. Сонымен қатар мұхиттардағы балықшылар да бізге көп зиянын тигізуде. Тунец балығын аулау үшін теңізге тастаған ауларына бізде ұсталып қаламыз. Тунец балығының кейбір түрлері тек қана біздің қасымызда жүреді. Балықшылар теңізге ау тастағанда, олар мен қоса біздер де тұтылып қаламыз. Сол себепті жыл сайын он мыңдаған бауырларымызды жоғалтамыз.