Жақсы мінез

     

     

      Жақсы мінез иесі болу үшін ата-анамен, бауырларымен жақсы қарым-қатынас жасау, мейірімді болу, жетім-жесірлерге көмектесу, ауру адамдардың көңілін сұрау, араз адамдарды татуластыру, дұрыс әрекеттер жасау керек.

 


      Зинақорлық, ұрлық, ғайбат, адам өлтіру, тәкәппарлық, ашу, кек, мазақ, қызғаныш, сөз тасу, жаман ат қою, қиянат және барлық зұлымдық әрекеттер күнә болып табылады. Жала жабу, өсек айту - мұсылмандарға жараспайтын әрекеттер.

 


      Аллаһқа сенетін және одан қорқатын адам Оның бұйрықтарына бағынады. Ешкімге жамандық жасамайды. Өзіне жасалған жамандықтарға сабырлылықпен қарайды. Кемшіліктеріне тәубе етеді. Жұмыста, саудада ешкімнің ақысын жемейді. Білімді, жақсы мінезді адамдарды құрметтейді. Достарын жақсы көреді. Ешкімді дауластырмайды, ешкімге қатты әрекет жасамайды. Мал-мүлік пен лауазымды басқаларға жақсылық жасау үшін қалайды. Өзін жақсы көрмейді. Аллаһу Та’аланың әрдайым көріп тұрғанын және білетінін ойлап, ешқандай жамандыққа бармайды. Қысқасы, Аллаһу Та’аладан қорқатын адам баршаға пайдалы адам болады.