Балмұздақ

/upd/2016/0609/146545815957591defc22123.56538201.jpg

Жаздыгүні, тамағы ауыратын балалар санының артуының негізгі себебі – балмұздақ болып табылады. Балмұздақ, тіс қабынуы, аллергиялық бронхит, көмекей қабынуы сияқты балалар үшін қауіпті сырқаттар тудыруда. Кішкентай кезінде жиі-жиі тамағы ісіген балаларда жүрек ревматизмі мен бүйрек қабынулары да байқалып жатыр. Балмұздақ, тамақтағы қорғаушы жүйелерді бұзып, микроптардың денеге кіруін жылдамдатады. Балмұздақ сүттен жасалғаны үшін, суықтап қалу қаупімен бірге, микроптардың сүтте өте оңай көбеюімен азықтан улануына да жол ашуы мүмкін. Одан басқа температураның жоғарылауы, қатты асқазан және ішек-қарын шаншулары, кейде жүйке жүйесінің ынталануына байланысты эклампсияға, яғни талма ауруына себеп болады. Балмұздақ жейтін кезде аз мөлшерде және ауызбен ерітіп жеу керек және таза болған жерлерден алу керек.