Өзгерістер

/upd/2015/1105/1446719780563b3124c5ea60.96530233.jpg

1000 жыл бұрын: Мексикада Юкатан штаты аймағында орын алған қатты құрғақшылық Майя мәдениетінің жойылуына әкеп соқтырды.
1709 жылы – Көмір алғаш рет өнеркәсіпте қолданысқа енді. 
1807 жылы – Тас көмірінен алынған газ (коксті газы) көше шамдарын жарықтандыру мақсатымен қолданыла басталды.
1815 жылы – Индонезиядағы Тамбора жанартауы іске көшті. Тарихтағы ең үлкен жанартау атқыламасы орын алды.
1847 жылы –  Алғаш Мұнайды зерттеу жұмыстары Азербайжанның Баку қаласында басталды.
1856 жылы – Алғаш Мұнай өңдеу заводы Польшаның Ясло қаласына жақын Улошовицеде іске қосылды.
1879 жылы – Алғаш электр лампасы АҚШ-та Эдисон тарапынан жағылды.
1885 жылы – Германияда Карл Бенз есімді инженер бензинмен жүретін 3 дөңгелекті автомобилін (Трицикл) халыққа ұсынды.
1908 жылы – АҚШ-та Фордтың дамытқан Т моделді автомобилінің сериясы өндіріле бастады.
1931 жылы – 3 жылдық құрғақшылықтан кейін Қытайда айларға созылған жаңбырдың нәтижесінде Янцзы өзені 29 м көтерілді және 3,7 миллион адам өлді.
1970 жылы – 20-шы ғасырдың ең күшті дауылы Бангладеште болып, елдің басым бөлігі 7,5 м су астында қалды. 500 мыңға жуық адам өлді.
1984-1985 жылы – Ұзақ уақытқа созылған құрғақтық салдарынан Шығыс Африкада 450 мың Судандық және Эфиопиялықтар көз жұмды.
1991 жылы – Филиппин аралындағы Пинатубо жанартауынан шыққан шаң мен түтін температураның ғаламдық деңгейде 2 градусқа азаюына себеп болды.
2003 жылы – Еуропа 500 жылдың ең ыстық күндерін бастан өткерді. Температура бірнеше күн бойы 40 градустан жоғары болғанының салдарынан 30 мың адам көз жұмды.
2005 жылы – Катрина дауылында АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласында 1836 адам қаза тапты және жаһандық жылыну сол жылы ең үлкен деңгейге жетті.
2006 жылы – Гренландия аралындағы мұздардың еруі күрт артты.
2011 жылы – Құрғақшылық салдарынан Сомали, Эфиопия және Эритрея сияқты елдерде болған аштық салдарынан үлкен шығындар орын алды...