Таңғы астарымызда тәтті бәліштерге, тіпті сусындарымызға дейін қосып көптеген салаларда пайдаланып жүрген балымыз, сонымен қатар «барлық дертке дауа» болып келетін денсаулықтың негізі. Балда шипа бар. 70 пайғамбар алейһимуссалам» балға берекесімен дұға еткен. Бір хадис шәрифте бал жайында: «Өлімнен басқа барлық дертке дауа» делінген. Мыңдаған жылдар бойы адамдар әрі тағам, әрі ем ретінде пайдаланған. Тарихта жараларды және асқазан ауруларын емдеу жолында да пайдаланылған. Витамин және минералға өте бай болған балда, әсіресе A, B1, B2, B6, H ve PP витаминдерімен бірге кальций, магний, натрий, йод, ферум, калий сияқты минералдар мол мөлшерде кездеседі. Бұдан басқа құрамындағы 12 түрлі фермент, әр түрлі ауруларды емдеуде пайдасы бар.
Балдың өзге де пайдалары мыналар:
»Қанды тазалайды,
»Стрестен қорғайды,
»Клеткаларды жаңалайды,
»Асқазанды жеңілдетеді,
»Іш ауруларын қайтарады,
»Ас қорытуды жеңілдетеді,
»Жақсы энергия көзі,
»Жүрек дүрсүлдерінің алдын алады,
»Жүрек тамырларына пайдалы,
»Бауырдың майлануының алдын алады,
»Суық тигенге пайдалы,
»Тыныштандыратын әсері бар,
»Тіс етінің қабынуларына пайдасы бар,
»Қанның ұюына жол бермейді,
»Жаралардың асқынуының алдын алады,
»Қан айналымын жеңілдетеді,
»Сүтпен ішілсе ішек құрттарды түсіреді,
»Араның инесі ревматизмге дауа,
»Кеңірдек және тамақ ауруларын қайтарады,
»Бала қорегінде де маңызы зор,
»Сумен ішілсе ішті жүргізеді,
»Шалфей шөбін, сірке суы және балды араластырып тамақты шайса, ангинаны кетіреді,
»Ішектегі инфекцияларды кетіреді.