Алтын ұя мектебім

Алтын ұя мектебім,
Сенде жүріп көктедім.
Сенен алған білімім,
Ертеңгіге көп менің.

Сенен алған білімім, 
Маған көптік етпейді.
Алтын ұя мектебім,
Сенен кеткім келмейді.


 Жолдаған: Тұрғанбай Гүлназ 13 жас
Жаңақорған ауданы

***

             Мен Жаңаөзен қаласы №1 Т. Әлиев атындағы гимназияның 4 «а» сыныбында оқимын. Менің сыныбымда 22 оқушы бар. Олар өте ақылды. Ұстазымыздың аты-жөні Досаханова Жаңылсын Нариманқызы. Мектебімізде 1116 оқушы тәрбеленуде. Мектебіміздің жанында шағын орталық бар. Ол орталықты Төлесін Әлиев басқарады. Онда барлығы 50 бала. Онда 2 топ бар. Мектебіміздің басшысы – Жүгенбаева Күләш Саламадинқызы. Басшымыз Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты. Біз басшымызды анамыздай қадір тұтамыз. Мен мектебім өте керемет.

Жолдаған: Ұлжан Молбай  9 жас
Жаңаөзен қаласы

***

           Мен №1 Т.Әлиев атындағы орта мектебінің 5 а гимназия сынып оқушысымын. Менің сыныбымда 24 оқушы бар олар өте дарынды, тәртіпті оқушылар. Менің сынып жетекшім Гүлнұр Аманжолқызы. Менің сыныбымда қыздар өнерлі болса, ұлдар дарынды. Мен өз сыныбымды мақтан етемін!

Жолдаған: Молбай Ұлжан 10 жас
Жанаөзен қаласы

***

         Менің мектебім үлкен және онда көптеген атақты ақындар мен әншілер және бишілер білім алған. Әр мектеп – тәрбие көзі. Себебі, ол білім нәрімен сусындататын мекеме. Әр оқушыға өзінің мектебі ыстық. Білім бастауын осы мектептен аламыз. Мектеп, осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Мен 6 жасымда мектепке келдім. Сол уақыттан бастап достарым көбейді.
Менің мектебім бес қабаттан тұратын әсем ғимарат. Сұлбасы алыстан көз тартады. Білім ошағында сыныптар мен спорт залы, салтанат залы бар. Мен мектебімді ұнатамын. Осы білім мекемесінде оқығаныма мақтанамын.
         Осы мектепте тәрбие беретін ұстаздар алдында бас иемін, олардың еңбегі зор, оларға деген алғысым шексіз.

Жолдаған: Махметова Қызылгүл 11 жас

Астана қаласы
№55 мектептің 5 «ә» сынып оқушысы

***

Сәлем!  Менің есімім – Нұрай. Мен №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде 6 сыныпта оқимын. Біздің мектептің директоры – Бағдаш апай. Ал біздің сынып жетекшіміз – Жанна апай. Апайымыз қазақ тілі мен әдебиеттен өте жақсы береді. Біздің сыныпта 11 қыз 9 ұл бар. Біз барлық жарыста тек 1-ші орын аламыз. Бізді апайымыз мақтан тұтады.

Жолдаған: Құтымова Нұрай 11 жас
Қызылорда қаласы

***
Сәлем, балалар! Менің атым – Гүлсім. Мен сендерге өз мектебім мен сыныбым туралы айтып берейін. Мен Жаңаөзен қаласы №1 Т.Әлиев атындағы орта мектептің 4 «А» гимназия сыныбының оқушысымын. Менің мектебім қала бойынша ұқыпты мектептердің бірі. Біздің мектептің директоры – Жүгенбаева Күләш Саламадинқызы. Біздің мектептің ауласы тап-таза, әдемі. 
Мен гимназия сыныбында оқимын. Менің сыныбымда 23 оқушы бар. Біздің сыныпта 8 ұл 15 қыз бар. Біздің сынып жетекшіміз – Досаханова Жаңылсын Нариманқызы. Жаңылсын Нариманқызы – ақылды, білімді ұстаз. Балалардың бәрі оны жақсы көреді. Маған мектебім ұнайды.

Сембиева Гүлсім 9 жас
Жаңаөзен қаласы

***

            Менің ауылым өте керемет жер. Біздің ауылымызда әртүрлі заттар бар. Әсіресе, мектебім қатты ұнайды. Мектепте түрлі сабақтар болады. Маған қатты ұнайтын сабақтар математика мен  әдебиет пәндері. Мен мектебімді қатты жақсы көремін.

 

Жолдаған: Жания Таджимагамбетова 10 жас
Ұзынағаш ауылы

***

            «Мектеп – екінші үйің», «Мектеп теңіз, білім кеме», - дегендей, мен Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияда білім аламын. Мектеп-гимназия – тәуелсіз еліміздің құрдасы. Мұнда көптеген аға-апалар білім алып, қанат қақты.
Гимназия басшысы Марта Есіркепқызы Малайдарова. Марта Есіркепқызы Малайдарова – өте білімді, тәрбиелі, бауырмал және қазақтың ұлттық болмыс-бітімін өн бойынан таба аласың.
           Мектеп-гимназия білім мен тәрбиені қатар ұстанатын қара шаңырақ. Сондықтан өзгелер ұстаздар мен оқушыларға қызыға қарайды. Мен мектеп-гимназиямды бәрінен биік көремін. Гимназияммен мақтанамын.

Жолдаған: Әділова Диана Бауыржанқызы 7 жас
Ақтөбе қаласы
№32 гимназия  2"а" сынып