Анашым

Әлпештеп мені өсірген,
Аяулы менің анашым.
Қуатым сенсің көңілде,
Қамқорым сенсің өмірде.

Еркелеткен кездерің,
Бойыма қуат береді.
Мен анама әркезде,
Қамқор болғым келеді.

Жолдаған: Зарина 10 жас
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғ.Мүсірепов ауданы,
Новоишим ауылы

***
Шашымды өріп тараған,
Боташым деп мақтаған.
Үлкен-кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Анашым менің анашым,
Өлеңге салып жазамын.
Анашымның өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
 

Малика 9 жас
Екібастұз қаласы

***

Ауырмаңызшы, анашым. Мен бірінші сыныпқа барғанымда, отбасым сондай қуанды. Әсіресе, анамның қуанышында шек болмады. Тіптен анам мені күніге мектепке алып келіп, сабақ аяқталған соң алып кететін еді. Мектептен келгенде, жылы қабақпен қарсы алып, тәттілерін алдыма қоятын еді. Бүгін сабақтан шыққанда, анамды көре алмадым. Үйге келсем, анам науқастанып қалыпты. Анамның қиналғанын көргенде, жанымды қоярға жер таппадым. Анама қалай көмектесерімді де білмедім. Әйтеуір, аяқ-қолын уқалап, дәрісін беріп, септігімді тигізген болдым. Жедел жәрдем келді. Анамды ауруханаға алып кетті. Ертесіне ауруханаға барсақ, анама ота жасалыпты. Анам сондай қиналып жатыр, мен анама көрсетпей жылап алдым. Біраз күннен кейін анам да ауруханадан шықты. Мен қатты қуандым. Әкем, ағаларым және мен үйді жинап, анамызды күтіп алдық. Анам көбінесе жатады. Бұрынғыдай мені мектепке шығарып салып, қарсы алмайды. Мен анам жазылып кетсін деп, үй тірлігін де шамам келгенше өзім істедім. Сабаққа да өзім барып, өзім қайтатын болдым. Менің достарым құрбыларымен ойнап жүр. Ал мен болсам, анама көмектесіп үйден шықпаймын. Мен осыдан өзімнің есейгенімді сезіндім. Анашым, менің де құрбыларыммен бірге ойнағым келеді. Сабағыма да сізбен бірге барып, сізбен қайтқым келеді. Жазылып кетсеңіз, ауырмаңызшы, анашым!

Жолдаған: Даде Анар
Ө. Жолдасбеков атындағы № 50 орта мектебінің
2 "Ә" сынып оқушысы Тараз қаласы

***
Анашымның арқасы 
Осы өмірге келгенім.
Анашымның арқасы 
Шалқып ойнап жүргенім.
Анашым!
Ананың орны бөлек қой,
Әрқашан да аман болшы
Анашым!
 

Нұрғалиева Лариса 12 жаста
Атырау қаласы


Аппақ -аппақ ары бар,
Қадірлі менің анашым.
Тентек болсам кешірген,
Менің сұлу анашым.
 

Аширмет Айдын 11 жас
Кентау қаласы

***
Айналайын анашым,
Сені жақсы көремін.
Жылу шашқан жүзіңмен,
Қуанышқа бөледің.

Аида 10 жас
Атырау облысы, Индер ауданы
Есбол ауылы

***
Анашым менің ардақты,
Келбетің сіздің салмақты.
Жүзіңе қарап тамсанам,
Анашым менің ардақты.

Келбетіңнен нәр алам,
Жүрегіңнен жан анам
Қарай берем тамсанып,
Асыл анам, жан анам.
 

Айтан Аяжан Сапарғалиқызы 13 жас
Жамбыл облысы, Құлан ауылы

***
Өсірген мені әлпештеп,
Ақ сүтімен мәпелеп.
Жаным анам, жан анам,
Тек сен ғана аман бол.
 

Береке Ақбота 9 жас
Баян-Өлгей аймағы

***
Анам менің қасиетті анашым,
Жалғыз өзің бұл өмірде дарасың.
Ұмытпаймын әрбір айтқан сөзіңді
Оқып жүрмін сабағымды үлгілі.
 

Бекжанұлы Данияр
Ақтөбе облысы  Ойыл ауданы
Ойыл қазақ орта мектебінің
3 «а» сынып оқушысы

***
Ана – қасиеттi адам.
Ананды құрметте!
Ананның айткан тiлiн ал!
Ана деген – асыл адам.
Ана ақыл берушi.
 

Избаева Көркемай 9 жас
Актау қаласы

***

Ардақты менің анашым,
Ақ сүтін берген панасың.
Мейіріміңді көрсетіп,
Біз үшін жаныңды саласың.

Жансая 9 жас
Акжал кенті

***
Жаныма жақын анашым,
Мен үшін сен дарасың.
Жақсылықты үйретіп,
Ақыл айтқан данасың.
 

Сыдыков Аян 7 жас
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

***
Мен анамды жанымнан артық жаксы көремін.
Ол бізді жарық дүниеге әкелді.
Біз оны Меккеге апарсақ та борышымызды өтей алмаймыз.

Үбіш Шұғыла 10 жас
Алматы қаласы

***
Менің асыл анашым,
Менің қамқор анашым.
Сізді жақсы көреміз, 
Ұнай ма біздің өлеңіміз?

Қателік жасасақ кешірген,
Жамандықты өшірген.
Менің анам әдемі, 
Мейірімді, әрі ақылды.
 

Таймас Жанайдар Жанболатұлы 10 жас
Алматы облысы

***
Ана деген ардақты ғой, асыл жан,
Ол әркімге пана болған жақсы жан.
Тек ылғи да бізді қолдап жүреді,
Бар бақытты бізге тілеп жүреді.

Ана деген өмірдегі мәніміз,
Ана деген бақытымыз, гүліміз.
Ана деген ең асыл мұрамыз,
Ана деген өмірдегі қуаныш.

Ана деген қасиетті асыл сөз,
Ана деген өмірдегі жақсы сөз,
«Ағайын алтау, ана біреу» деп айта алам,
Сенің барыңа бұл өмірде мен қуанам.
 

Ақбөбек 17 жас
Ақтөбе қаласы, Шұбарқұдық кенті

***
Анашым менің, анашым!
Көңілі кең данасың.
Ақ сүт беріп, әлдилеген,
Ерекше, дара жансың!
Анатайым, анашым!
Мен үшін сен әрқашан, 
Әлемде жоқ, жандайсың!
 

Хадиша Уалиқызы 9 жас
Шымкент қаласы

***
Анашыма мен алғыс айтамын. Өйткені, менi аяулы алақанымен осы дәрежеге жеткiздi. Мен анамды өте қатты жақсы көремін. Мен анама көмектесуге тырысамын. Маған жасаған жаксылығын, мен аяулы анама екi есе қылып қайтарамын. Мен анама қарыздармын. Ең мейірімді адам ол – ана.

 Гаухар 9 жас
Атырау қаласы

***
Аяулы менің анашым,
Маған өмір сыйладың.
Ақ сүтін берген анасың,
Қарыздар болып қаламын.

Өмірімнің сәніне,
Көрік бердің анашым.
Сәнін бердің анашым,
Өмірімнің әніне.
 

Алимбаева Асемай 10 жас
Алматы Талғар ауданы Жалқамыс ауылы

***
Анашым, менің анашым,
Өмірде сен данасың.
Айтқаныңды аламын,
Жақсы болу талабым.
 

Амангельдина Данажан Ерболқызы 7 жас
Астана қаласы

***

           Мен анамды қатты жақсы көремін. Өйткені, анам менің жанашырым. Мен анам үшін бәріне де дайынмын. Шыр етіп жерге түскеннен-ақ менің жүрегім тек анамды ғана ойлап тұрды. Ана бәріне де төзетін адам. Адам үшін ананың орны бөлек. Қай бір адамнан да сұрасаң, ол ананың пейілі мен мейірін айтып жеткізе алмайды. АНА! Мен сенің жаныңда мәңгі борышыңды өтеуге уәде беремін! Ол шын!

Армиева Улжан 10 жас
Жаңаөзен қаласы