Әр дәуірде және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланған. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Біздің заманымызға дейінгі 118 жылы Қытайда ақшаның рөлін аң терісі атқарған. Алғаш қағаз ақша 9-шы ғасырда Қытайда пайда болған. Батыста қағаз ақшалар 17-ші ғасырдың соңында басылып, қолданысқа енген. Алғаш ақша 1690 жылы Америка Құрама Штаттарында Массачусетс штатында, ал Ұлыбританияда зергерлер тарапынан басылып, таралымға шыққан. 1694 жылы Ұлыбритания Орталық банкі және басқа да елдердің Орталық банкілерінің құрылуымен тарала бастаған.