Қазіргі таңда кейбір адамдар салауатты өмір сүру үшін темекіден, спиртті ішімдіктерден, газды сусындардан, қуырылған еттен де бас тартуда. Бірақ шамадан артық тұз бұлардан да зияндырақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде барған сайын көбейген жұқпалы емес аурулардан жауапты деп тұзды, темекіден кейін ең қауіпті зат деп мәлімдеуде.
5 мың жыл бұрынғы дәуірге дейін күніне жарты грамм тұзбен өмір сүруге үйренген адамның тұз қолдануы соңғы дәуірлерде бірден артты. Қазіргі таңда тұз тұтынылуы орта есеппен 8 граммға көтерілді. Тұз тұтынылуының артуына үлес қосқан тағы бір маңызды жайт, дайын тамақтар пайда болуы.
Жапонияда 50 жыл бұрын қолданылатын тұз мөлшері күніне 18 граммға дейін шыққан болатын. Сол себепті сал (паралич) ауруына шалдыққандардың саны өте көп болған. Кейін үкімет тұз тұтынылуын азайтқаннан кейін тұздың мөлшері 4 граммға түсті. Ал сал ауруы 80 пайызға азайды. Тұз қолданымы 2 грамм азайтылғанда, 4 жылда жүрек ауруымен ауру қауіпі 25 пайызға азайған.