Мамандардың айтуы бойынша: Шошқа тұмауына немесе басқа да тұмаудың түрлеріне шалдығудан қорқатын болсаңыз мына азықтарды тұтынуға мән беріңіз:
Қызыл бұрыш: Апельсиннің құрамындағы С дәруменінің 2 есесін құрайды.
Айран: Құрамында ішектердегі микробтарға қарсы күресетін пайдалы бактериялар, пробиотиктер бар.
Көк шай: Құрамында иммунитетті күшейтетін «эпигаллокатехин галлат» атты химиялық элемент бар.
Бадам (миндаль): Аурулармен күресетін антиоксидант Е дәруменіне өте бай.
Жас (свежий) картоп: Денеде А дәруменіне айналады және тұмаудан емделуде маңызды рөл атқарады.
Тауық сорпасы: Тұмаудың тамақ ауруы және жөтел сияқты әсерлерін жайландыруда жәрдемші болады.
Сарымсақ: Құрамындағы сулфидтер тұмау мезгілінде бұл ауруға шалдығу қауіпін 2.5 есеге азайтады.
Жаңғақ: Құрамындағы селен антиоксиданты суықтап қалу, тұмау және обыр ауруларына қарсы қорғанысты қамтамасыз етеді.
Цитрус тұқымдастары: Маңызды болған С дәруменінің қайнар көзі.
Бал: Антибактериал қасиеттерге ие.
Капуста: Шпинат пен капуста гриппке қарсы қуаттандыратын Д дәруменіне бай келеді.
Саңырауқұлақ: Құрамында тұмаудан қорғайтын бета-глюкан атты элементтері бар.
Сұлы: Е және B витаминдері бар, сонымен қатар иммундік жүйені қуаттандыратын минералдар және бета-глюкондарға бай.
Алма: Ғалымдар алманы тұрақты тұтынатын адамдардың тұмауға шалдығу ықтималдығының азаятынын мәлімдеген.
Балық: Иммундік жүйені ынталандыру үшін балық (Омега 3) тұтынуды арттыра отырып грипп және соған ұқсас инфекциялардан аулақ бола аласыз.
Пияз: Құрамында табиғи антибиотиктер бар. Сонымен қатар гриппке қарсы иммундік жүйені қуаттандырады.