Денсаулық - зор байлық

/upd/2015/1007/14442111885614e9f4f15656.02669629.png

♦Күніңізді бір стакан су ішумен бастап, кешке дейін 2-2,5 литрсу ішуге тырысыңыз!
♦ Жеміс-жидек, көкөністерді өз маусымдарында кемінде бірнеше рет жеп тұру керек!
♦Бала үшін сүт, үлкендер үшін айран дастарханыңыздан кемімесін!
♦Ауырмай тұрып шипалы өсімдіктермен иммунитетіңізді көтеріңіз!
♦Жалбыз (мята), жөке, шалфей, жебір шөп, итмұрын, райхан, зімбір, ладан, жасыл шай, пияз және сарымсақ үйде әрқашан болсын!
♦Салатты мүмкін болғанша көп түрлі қоспалардан жасаңыз!
♦ Дайын сорпаның орнына өзіңіз дайындаған сорпаны таңдаңыз!
♦ Өзіңіз жапқан қызанақ соустарын қолданыңыз!
♦Маусымынан тыс кезде жемістермен көкөністерді көп жемеген жөн!
♦ Аптасына ең аз 2 рет бұршақ тұқымдас (горох, ноқат, фасоль, маш) өнімдерін және балық жеп тұруға тырысыңыз!
♦Ыстық тағамдар үшін қыштан, шыныдан және болаттан жасалған ыдыстарды қолданыңыз!
♦ Қыста апельсин, мандарин, лимон, грейфрут жеп тұруды көбейтіңіз!
♦ Ақыл-оймен істейтін жұмыста жиі-жиі миіз жеп тұрған жақсы!
♦ Азанғы уақытта 20 минут терең дем алып тұруға тырысыңыз!
♦ Азанғы уақытта бөлмеңізді немесе жұмыс орныңызды желдетіп тұрыңыз!
♦ Күніне 30 минут жаяу жүріңіз!
♦ Темекі және спирттік ішімдіктен ұзақ болыңыз!
♦ Мүмкіндігінше топырақта жалаң аяқ жүріп тұрыңыз!
♦ Денеңізді қатты тоңдырып алмауға тырысыңыз!
♦ Таңертеңгілік аста әрдайым бал болуына мән беріңіз!
♦ Зәйтун майын жиі қолданыңыз!
♦ Таңертеңгілік аста толық, түскі аста орташа, кешкі аста жеңіл тағамдар болсын!
♦ Тұз және шекерді шектеулі қолданыңыз!
♦ Маргаринді көп қолданбаған кезде, теріге, жүрекке және тамырларға үлкен сый-сияпат жасаған боласыз!
♦ Күніне бір алма, бір сәбіз денеге керемет әсерін береді.