Әлемдегі ең алғашқы «жемістен жасалынған мұздың» авторы америкалық Френк Эпперсон. Бір күні ол 11 жасында лимонады бар стаканын үйдің сыртындаұмытып кетеді. Стаканда тәтті сусынды жасауға арналған содалық ұнтақты сумен араластыру үшін салынған таяқша қалып қалады. Ертеңінде Френк, түнде болған аяздың әсерінен сусынның қатып, таяқшасы бар цилиндрлі мұзға айналғанын байқайды. Сонымен, 1905 жылы таяқшасы бар балмұздақ ойлап табылды.
18 жыл өткен соң есейген Эпперсон өзінің өнертабысын бизнесте пайдаланып, мұздалған лимонадты сатуға шығарады. Ол тегін «айсикл» (icicle-мұз) сөзіне қосып, өзінін «тәтті мұздарын» «Эпсикл» деп атады. Кейінірек Еуропада белгілі «попсикл» сөзіне өзгертілді.