Ішіктен жасалған құлаққап

/upd/2014/0304/13939446595315e853df4e98.39971155.jpg

     1873 жылы 15 жасар Честер Гринвуд суықтан қорғайтын әлемдегі ең алғашқы құлаққапты ойлап тапты. Ол коньки тепкенді қатты жақсы көрген. Және қыстың бір күні далада сырғанап жүріп, құлағын үсітіп ала жаздайды. Честер жылы бас киім кигісі келмей, әжесіне құлағын аяздан қорғайтын  ішіктен жасалынған ұлтанша (астар) тігіп беруін өтінеді. Ол сымнан жиек (ободок) жасап, ішектен жасалынған ұлтаншаларды біріктіреді. Оның өнертабысы жергілікті балалар мен жастарға ұнап, олар Честерге еліктей бастады. Честер Гринвуд  біз «құлаққап» деп атайтын өнертабысының сыртқы түрі мен құрылымын жақсартуды жалғастырды. Ол өзінің фирмасын ашып, құлақты қорғауға арналған бұйымын өндірумен 60 жыл бойы айналысты. Оның құлақты суықтан сақтайтын құлаққаптары әртүрлі аппаратураларға арналған құлаққаптарды өндірудің бастауы болды.