Секіруге арналған арнайы құрылғы – батутты бәріміз білеміз. Спорттық батут дегеніміз тіреуге бекітілген, кермеге қатты тартылып байланған серпілмелі тор. Батут одан итерілгеннен кейін биікке ұшуға және ауада әртүрлі трюктер жасауға мүмкіндік береді.
Алайда, жүз жылдай бұрын ешқандай батут болмаған. Батутта секірудің спорт түрі ретінде дамуы америкалық Джордж Ниссеннің атымен байланысты. Ол бала кезінде-ақ ұшуды қатты жақсы көретін. Оған аспанда еркін қалықтап ұшу сезімі ұнайтын. Сол себепті, ол мектебіндегі акробатикалық гимнастика үйірмесіне қатысты. Бұл жерде өзгеде спорттық снарядтардан басқа, секірудің биіктігін арттыруға арналған көлбеулі лақтырып жіберетін тақтай (трамплин) қолданылды. Оның қолынан бұл іс жақсы келді, бірақ ол бұданда биікке шарықтағысы келді. Сөйтіп, 1930 жылы гимнастика мектебінде оқып жүрген 16 жасар Ниссер өзінің «секіруге арналған құрылғысын» құрастырды. Кейін, біраз жылдар бойы ол өзінін құрылғысын жетілдірумен айналысты.
1937 жылы Мексикада акробатикалық топтың құрамында гастрольде жүріп, Ниссен жергілікті тұрғындардың оның спорттық снарядын «el trampolin» деп атағандарын естіп қалды. Бұл – суда секіруге арналған лақтырып жіберетін тақтай деген мағынаны білдіреді. Ол испан сөзін «trampolinе» сөзіне алмастырды. Қазіргі заманда «трамполин» сөзі әлемге әйгілі болды және де «батут» дегенді білдіреді.