Жүзім

/upd/2015/1007/14442042855614cefd79d825.69017651.png   Жүзімнің ең маңызды пайдаларының бірі – денемізге ең көп зиян тигізетін еркін радикалдармен күресетін антиоксидант болып табылады. Жүзім өте көп мақсатта қолданылатын жемістердің ең маңыздысы десек болады. Себебі піскен күйінде немесе кептірілген күйінде жеуге, сығып шырынын ішуге болады. Жүзімнен, шырын, сірке, компот, тосап, мармелад та жасауға болады. 
Жапырақтары да пайдалы. Азербайджандықтар, болгарлар, гректер мен грузиндер жүзім жапырағынан жасалынатын долманы өздерінің ұлттық тағамы дейді. Жүзімнің 89 пайызы судан тұрады. Жүзімнің құрамында әр түрлі қанттар, минералды тұздар, пайдалы элементтер мен қоспалар бар.
Түрлері: бұл нәрлі жеміс жасыл, қара және қызыл түсті болып келеді. Сонымен қатар қабығының қалыңдығына, иісіне қарай бөлінеді. Дәнді және дәнсіз түрлері де болады.
Жүзімнің және дәндерінің пайдалары
    - Дәндері өте күшті антиоксидант болып табылады.
     - Еркін радикалдарға қарсы күреседі яғни темекі, алкоголь секілді заттардың денемізге зиянды әсерін азайтады.
    - Қанды тазартады.
    - Қартаюды бәсеңдетеді.
    - Буындардағы ауруларды және тұз жиналуының алдын алады.