Криштиану Роналду

      /upd/2015/1007/14441997445614bd40d7d1c5.02998548.jpg1985 жылы Португалияда дүниеге келген. Роналдиньо немесе Роналдо секілді атақты ойыншылармен ешқандай туыстық қатысы жоқ. Соған қарамастанең қымбат футболшылардың бірі ретінде футбол тарихынан орын алған. Оның ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубынан Мадридтің «Реалына» өтеуінің өзі испандықтарға 80 миллион еуроға түскен. Бүгінге дейін әлемдік футбол тарихында мұндай ең үлкен сомаға ешкім бағаланбаған. Талантты футболшы өз мансабын Лиссабонның «Спортинг» клубынан бастаған. Жас кезінен үлкен нәтижелерге қол жеткізген футболшының өзіндік техникасы мен соққысы көптеген атақты футболшыларды қызықтырмай қоймайтыны анық. Сол кезеңде криштиануға «Манчестер Юнайтед» клубына өту үшін Ағылшындар Өзінің айтуы бойынша «7-ші номерлі футболканы алуды қаламаған едім. Себебі, ол – әлемдегі атақты футболшылардың бірі, ағылшын құрамасы «Манчестер» клубының жұлдызы Дэвид Бекхэмге тиесілі болатын» десе де, Алекс Фергюсон Роналдуға 7-ші номерлі футболканы ұсынды. Бұл номер оның болашағына осылайша демеу болды. «Бұл атақты номерді ұятқа қалдырмайын» деген ой футболшыны босқа  мазалапты. Криштиану «Манчестер»де ойнап жүріп ең жақсы ойыншылардың бірі атанады.
    Онда өзіндік техникасын дамытып шығарады. Мұндай техникамен тек атақты бразилиялық Роналдиньо ғана теңесе алатын еді. Португалдық ойыншының басты айыбы ойын барысында допты күрделі траекториямен қақпаға дөп соғу еліктеушінің басты ерекшіліктерінен болып табылатын. Сонымен қатар оның соққысындағы дәлдік пен күш-қуаты қақпашылар үшін қауіп-қатер туғызатын. 2009 жылы Роналду «Реал» клубының футболшысы болады. Оның Мадридтегі таныстыру рәсіміне 100 мыңнан аса көрермендер қатысады. Жанкүйерлер арасындағы мұндай көріске тек атақты Марадона мен Пеле ғана ие болатын. Қазіргі таңда жаңа клуб футболшыны әлемдік футбол тарихындағы ең үлкен сомаға сақтандырып отыр. Бірақ сақтандыру шарты бойынша, ақша егер Роналду мансабын жалғастыруға кедергі болатын жарақат алған жағдайда ғана төленетін болады. Қазіргі таңда Криштиану Роналду көптеген марапаттардың иесі және Португалия құрамасының капитаны, сонымен қатар әлемдегі талантты және ең қымбат футболшы болып табылады.