Біз – қазақпыз, ар-намысын сақтаған,
Біз қаззақпыз, ата үмітін ақтаған.
Біз – қазақпыз, ер есімін жар салып,
Біз – қазақпыз, "батырым" деп мақтаған.
Біз – қазақпыз, намысты жерге төкпейтін,
Біз – қазақпыз, құр ауыз сөз сөкпейтін.
Біз – қазақпыз, кесіп өтпей алдыдан,
"Бірінші атаң, одан кейін сен"дейтін.
Біз – қазақпыз, алға қойған намысты,
Біз – қазақпыз, шақ келтірмес жарысты.
Біз – қазақпыз, салт-дәстүрді ұстанып,
Асық ойнап, балуандары алысты.
Біз – қазақпыз, тәуелсізбіз, жарықпыз,
Бар әлемге даңқы жеткен анықпыз.
Біз – қазақпыз, елден ерек жаралған,
Жеті атадан қыз алмаған халықпыз.
Біз-қазақпыз, Керей, Жәнібектен тараған,
Төрімізге Астананы қалаған.
Біз – қазақпыз, тарихы кеткен тереңге,
Бабаларын әр уақытта сыйлаған.
Жолдаған: Ғалбиат 16 жас
ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы