Шақырған жерге бару

Сұрақ: Шақырған кез-келген жерге баруға бола ма?
Жауап: Ол аста күнә істелетін болса баруға болмайды. Кедейлердің шақыруына бармай байлардың шақыруына бару тәкаппарлықтың белгісі. Өзінен төмен адамдарға бару қарапайымдылықтың белгісі.
 
      Үйлену асына шақырылған адамның баруы сүннет, басқа шақыруларға бару мүстаһаб болады. Кейбір ғалымдар болса “үйлену асына бару уәжіп, басқа шақыруларға бару сүннет” деп білдірген. Мұсылманның мұсылманға міндеті болған бес ақысының біреуі шақыруына бару болып табылады. Хадис шәрифте де «Шақырған жерге барыңдар» деп бұйырған. (Муслим)
 
      Көп шығынданып, әуреге салынып шақырылған жерге бару керек емес. Сараңның да шақыруына бару керек емес. Хадис шәрифте былай делінеді:
 
«Жомарт адамның асы шипа болады, ал сараңның асы ауру тудырады.» (Дара Қутни)
 
 Шын жүректен шақырылған жерге бару керек. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Шақырған жерге бармаған адам Аллаһқа және расулына қарсы шыққан болады.» (Бұхари)
 
«Мұсылман бауырына сый көрсеткен адам, Аллаһу та’аланы да сыйлаған болады.» (Исфахани)
 
«Екі кісі бірдей шақыратын болса, есігі жақын болғанына бар. Өйткені есігі жақын болған адамның ақысы бұрын келеді.» (Бұхари)