Күнәға бір тәубе жеткілікті, жақсы амалдарда тәубе жеткіліксіз. Күнә істеген
адам тәубе етсе Аллаһу та'ала кешіреді. Бірақ, ғибадат еткен адам, тәкәппарлыққа
түсуі мүмкін. Бұған тіпті мың тәубе де жеткіліксіз. Исраил ұлдарынан бір пасық (күнәһар) адам болады. Сол кездері бір абидтің (әрдайым ғибадат ететін адамның) да көп ғибадат етуі арқылы аты шығып, абырой табады. Пасық осы абидтің жанынан өтіп бара жатып, «Осы абидтің жанына барып отырайыншы, мүмкін Аллаһу та'ала оның құрметіне мені кешірер» деп ойлайды. Барып абидтің жанына отырады. Ал абид болса, үстінде бұлт көлеңке қылып тұрған адам болғаны үшін, менменсіп, «Бұл күнәһар менің жанымда отыруға лайық емес» деп, одан бетін бұрады. Абидтен ілтипат көре алмаған пасық, мұңайып орнынан тұрып кетіп қалады. Бірақ, абидтің үстіндегі бұлт пасықпен бірге кетеді. Аллаһу та'ала сол заманның пайғамбарына «Адамдарға ниеттеріне қарай мәміле жасаймын. Пасықтың күнәларын оның осы жақсы ниеті үшін кешірдім. Ал абидтің ғибадаттарын тәкәппарлығы үшін жоқ қылдым» деп білдірді.