Сөзінде тұру

       Кез келген мәселеде берген сөзінде тұру – жақсы мінез. Сөзінде тұру, адамның

абыройын көтеретін жақсы әдеттердің ең алдында келеді. Берген уәдені орындамау болса,

мұсылмандарға жараспайтын ең жаман әдет. Уәдесінде тұрмаған адам, Аллаһу та’аланың және құлдарының ақысын аяқ асты еткен болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарда, сауда-саттықтарда және келіссөздерде уәдеде тұру – Аллаһу та’аланың әмірі. Құран кәрімде: «Берген уәделеріңді орындаңдар, өткені берген уәделеріңе жауаптысыңдар!» делінген. Сүйікті пайғамбарымыз да «Уәде беру, біреуден қарыз алғанмен бірдей» деген. Пайғамбарлардан Исмаил алейһиссалам біреумен бір жерде кездесуге уәде береді. Уәделескен жерге барып үш күн күтеді, бірақ әлгі адам келмейді. Сонда да ол жерден кетпейді. Аллаһу та’ала Құран кәрімде Мәрйәм сүресіндегі бір аятта: «Ол уәдесіне берік еді» деп оны мақтаған.
 
      Уәдеде тұру адамның ең жақсы қасиеттерінің бірі. Адамның абыройын арттырады. Ал берген уәдесінен қайту үлкен күнә және мұнафықтың (екі жүзділіктің) белгісі. Сүйікті пайғамбарымыз хадис шәрифінде былай деген: «Мұнафықтардың белгілері үшеу: Сөйлеген кезде өтірік айтады, уәде берсе уәдесінде тұрмайды, аманатқа қиянат жасайды.»


     Мұсылман берген уәделерін, жасасқан келісімдерін орындауы керек. Орындай алмайтын, қолынан келмейтін нәрселерді айтып уәде бермеуі керек. Ол үшін де сүйікті пайғамбарымыздың мына насихатын ешқашан ұмытпауымыз керек: «Дін бауырыңмен айтысып, сөз таластырма, оған уәде беріп, уәдеңнен қайтпа.»