Су түссіз емес пе? Алайда неге теңіздің түсі көк болады? Шыны ыдысқа теңіздің суын құятын болсақ, түсі мөлдір, түссіз болып шығады. Сонда теңіздің бетіне
аспанның түсі шағылысып түседі ме?
Біздің көзімізге көрінетін теңіздің көк түсі – теңіз суының бетіндегі күн сәулесінің ыдырауынан пайда болатын түс.
Су күн жарығын біркелкі түрде өткізбейді. Теңізде қысқа толқынды жарық сәулесі ұзын толқынды жарық сәулесіне қарағанда тез өтеді. Қысқа толқындар спектрдің көк бөлігіне, ал ұзын толқындар қызыл түсіне сәйкес келеді. Шыны ыдыста судың аз қабаты көретіндіктен сәулелерді өту айырмашылығы байқалмайды. Ал теңізге түскенде жүздеген метр терең судағы күн сәулесінің ыдырауы көрінеді. Суда көк түс аз жұтылатындықтан судың түсі де көк болып көрінеді.
Сонымен қатар су көк түсті емес сия түсті және ультра күлгінсәулені өте жақсы жұтады. Сондықтан басқа жерлерге қарағанда теңіз жағалауында күнге күю ықтималы басым болады.