Сәлем беру

       Сәлем бергенде “Ассаламу алейкум” деп айтылады. Сәлемді

алғанда “Уа алейкум ассалам” делінеді. Сәлем беру сүннет, ал сәлемді

алу парыз. Сәлем берерде сәлемнің сүннет екендігін ойлану керек және ол адамға дұға етуге ниет ету керек! Сүннет екендігін ойламай күнделікті әдет бойынша ешқандай ойсыз сәлем бергенде сауап болмайды. Бір жерге кіргенде де, шыққанда да сәлем беріледі. Дінімізде сәлемнің маңызы өте биік. Хадис шәрифтерде былай делінеді: 


«Мұсылманның мұсылманға болған алты ақыларының бірі сәлем беру.» (Мүслим)


«Бір жерге кірерде ол жердегілерге сәлем беру қарыз болатыны секілді, шығарда да сәлем беру қарыз.» (Бәйһақи)


«Адамдардың ең әлсізі дұға етпейтін адам, ең сараңы сәлем бермейтін адам.» (Табарани)


«Адамдарға күлімдеген жүзбен сәлем беру садақа.» (Бәйһақи)

 
«Жиырма мұсылманға сәлем берген мүмин жәннатты хақ етеді.» (Дәйләми)


      Салам – амандық, тыныштық, бақыт, саулық, татулық, рахаттық, құтылу сияқты мағыналарға келеді. Сәлем беру – адамға жасалатын ең жақсы дұға. «Мен мұсылманмын, менен саған зиян келмейді, саламаттасың» деген мағынаға және сау-саламатты бол, мұсылман болып жан тапсыр деген мағыналарға да келеді. (Р. Насихин, Рәддул-Мухтар)


      Берілген сәлемді одан да жақсы түрімен алу парыз болмаса да үлкен сауап. Расулуллаһ алейһиссалам «Ассаламу алейкум» деген адам үшін «Он сауап алды» деп бұйырды. Тағы біреуі «Ассаламу алейкум уә рахматуллаһи» дегенінде «Жиырма сауап алды» деп бұйырды. Басқа бірі «Ассаламу алейкум уә рахматуллаһи уә бәракатуһ» дегенде ол кісі үшін «Отыз сауап алды» деп бұйырды. Осы кезде отырғандардың бірі сәлем бермей шығып кетеді. Пайғамбарымыз «Достарың (сәлемнің маңыздылығын) қалайша тез ұмытты» деп бұйырды. Кейін «Бір жиынға келгенде де, кетерде де сәлем беріңдер! Екінші сәлемнің құны біріншісінен кем емес» деп бұйырды. (Табарани)