Ренжітетін қалжың

Сұрақ: Бір досым қашан да қалжындарымен ренжітеді. Бір затымды алып,

жасырып қояды. Әбден іздетеді. Маған ұнамайтын мазақы аттармен

шақырады. Қорқытатын да қалжыңдары болып тұрады. Оған бұл істегендері үшін құл ақысы өтетіндігін айттым. «Кешірім сұрасам болды, құтыламын» дейді. Кешірім сұраумен құтыла ма?


Жауап: Кешірім сұрау шешім болса да, одан да құндысы кешірім сұрайтындай жағдайға апармау. Хадис шәрифтерде былай делінген:


«Кешірім сұрататын істерді істеуден сақтану керек.» (И. Нәжжар)


«Достарыңның затын шындап та, қалжыңдап та алмаңдар!» (Тирмизи)


«Достарыңды ренжітетіндей қалжың жасамаңдар!» (Тирмизи)


      Бір адам, досы ұйықтап жатқан кезде, оның оқ қабынан бір жебе алған кезінде, досы шошып оянды. Бұны көрген пайғамбарымыз: «Мұсылманды (кез келген түрде) қорқыту халал емес.» деді. (Табарани)


     Тағы да бір адам досының аяқ киімін байқатпай алып жасырып қояды. Досы келгенінде сол жердегілерден аяқ киімін сұрайды. Олар ештеңе көрмегені үшін, білмейтіндіктерін айтады. Аяқ киімді жасырған адам, «Аяқ киімің мына жерде тұр ғой» дейді. Бұны көрген Расулуллаһ оған: «Қалайша сен мұсылманды қорқытасың?» деді. Ол адам қалжыңдағанын айтқанында, екінші рет: «Қалайша сен мұсылманды қорқытасың?» деді. (Табарани)


      Тағы бірде қалжыңдап досын қорқытқан бір адамға сүйікті пайғамбарымыз: «Мұсылманды қорқыту – үлкен зұлымдық» деді. (Бәззар, Хаким)


      Адамды өзі ұнатпайтын, естігенде ренжитін лақаб аттармен атау күнә болады. Мұндай лақаб аттармен артынан сөйлеу де ғайбатқа жатады, күнә болады. Пайғамбарымыз: «Кісіні өзі ұнатпайтын лақаб атпен атаған адамға періштелер лағынет айтады» деген. (Ибн Сүнни)