Өзгенің хатын оқу

Сұрақ: Кейбір достарымның кіммен хат алысып тұратынын, не жазатынын

білгім келеді. Бір жолын тауып немесе  паролін бұзып біреудің электронды

хаттарын, компьютеріндегі басқа да жазуларына, суреттеріне қарау күнә бола ма, құл ақысын жеген болам ба?


Жауап: Өзі рұқсат берген болса күнә болмайды. Рұқсатсыз қарайтын болса, үлкен күнә болады, құл ақысын жеген болады. Жалпылама рұқсат берген болса да, компьютерінде немесе ұялы телефонында жеке өзінің заттары болатындықтан қажеттілігің мөлшеріндей қарау керек, басқа не бар, не жоқ деп ішін тінтіп шығу дұрыс емес. Хадис шәрифтерде былай делінеді:


«Досының жазуына рұқсатсыз қараған адам, жаһаннам отына қараған болады.» (Табарани)


«Досының хатына рұқсатсыз қараған адам отқа қараған болады» (Әбу Дауд)


«Рұқсатсыз бір үйдің ішіне қараған адам харам істеген болады.» (Әбу Дауд, Тирмизи)


«Біреудің үйіне рұқсатсыз қараған адамның көзін шығарса орынды болады.» (Мүслим)


 Біреудің жеке заттарына, құжаттарына рұқсатсыз қарау құл ақысы болатыны секілді, оны басқаға көрсету сөз тасуға, ғайбатқа жатады. Бұлар харам болып табылады.